Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қалбыр ыдыспен мыжып, жіппен буындырған": Алматыда белгісіз біреулер мысықты айуандықпен өлтіріп кеткен

Алматының Бостандық ауданына орналасқан “Асқар тау” тұрғын кешенінде белгісіз біреулер үй мысығын асқан айуандықпен өлтіріп кетті. Мысықтың иесі жануарды өлтіріп кеткенін дәлелдейтін айғақтар бар бола тұра, әрекет етпей отырғанына наразы. Алматы қаласы полиция департаменті Stan.kz тілшісіне болған жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Фото: instagram.com/lipinskaia26/видеодан скрин

Мысықтың иесі Анастасияның айтуынша, олардың жаңа үйге қоныс аударғанына көп болмаған. Мысық үйден шығып кетіп, оралмаған. Иесі оны бірнеше күн іздеп, жоғарғы қабаттан мысығының өлексесін тапқан. Жануарды бояудың қалбырымен мыжып, жіппен буындырып өлтірген. 

“7 желтоқсан күні сағат 10 шамасында пәтер иелерінің кооперативі 3 қабаттағы құбырлар тұратын қалқаншаның маңынан мысықтың өлексесі табылғанын айтты. Оны бояудан қалған қалбырмен мыжып тастаған. Сараптама нәтижесі оны буындырғанын көрсетті. Полиция қалбырдың сыртынан саусақ ізін таппады”, – дейді мысықтың иесі Анастастасия.

Әлеуметтік желіде мысықтың жоғарғы қабатқа көтеріліп бара жатқан видеосы бар. Одан кейін төмен түспеген. 

“Егер мысықты подъезде өлтірсе, оны қалай өлтіргені туралы барлық дәлел болса, неге полиция әрекет етпейді? Мұндай жағдайда адамдарға көмектесу сіздердің тікелей міндеттеріңіз. Біз, жануарларды қорғаушылар және еріктілер Алматы полиция департаменті, ішкі істер министрлігі мен прокуратурадан қаскөйді істеген ісі үшін жазалауын сұраймыз”,  – делінген желідегі жазбада.

Мысықтың иесі патологоанатомның және өлім себебі көрсетілген сараптама қорытындысы барын айтады.

Болған жағдайға қатысты Алматы полиция департаменті пікір білдірді.

“Аталған дерек бойынша, Бостандық аудандық полиция басқармасында тексеру жүргізіліп жатыр. Кеешенді іс-шаралардың нәтижесінде объективті мән-жайлар анықталады”, – деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

 

Талқылау