AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қалай жеңгенімді түсінбей қалдым – "Уимблдон" чемпионы Елена Рыбакина

"Уимблдон" чемпионы Елена Рыбакина беделді турнирді қалай жеңіске жеткені туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Рыбакина

Баспасөз мәслихаты кезінде журналистер Рыбакинадан турнирде кімнің жақсы қарсылық көрсеткені туралы сұрады.

"Матчтар қиын болды, нақты біреуін атай алмаймын. Ең күрделісі – финалдық матч. Соңғы екі күнде қатты қобалжыдым, дұрыс ұйықтай алмадым. Финалдың алғашқы сетінде жақсы ойын көрсете алмадым, бәлкім, эмоцияның әсерінен шығар. Мен екінші және үшінші сетте жақсы ойын көрсеткеніме қуаныштымын. Қарсылас бір қалыпты ойнамайды сондықтан қиынға соқты", – деді чемпион. 



Оның сөзінше, ол ұзақ ойын болады деп сенген. Сондықтын тунистік қарсыласын қалай жеңгенін де байқамай қалған. 

"Мен өзім де күтпедім. Менің сол кездегі таңданысымды көруге болады. Матч болып жатқанда ұзақ ойын болады деп өзімді сендірдім. Психологиялық тұрғыдан солай дайындалдым. Нәтижесінде қалай жеңгенімді түсінбей қалдым", – деді спортшы. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр