“Қалаулым” қатысушысы Замира: Енді үйі мен көлігі бар бай жігітке ғана тұрмысқа шығамын
“Қалаулым” бағдарламасының қатысушысы Замира Сұлтан эфирдегі оғаш қылықтарына қатысты Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді. Келіншек алдағы уақытта тек бай азаматқа тұрмысқа шығатынын жеткізді.
– Әлеуметтік желі қолданушылары сізді тікелей эфирде жасанды қылықтар жасайды деп сынап жатыр. Арасында сізді өзіне берілген рөлді сомдап жүр деп ойлағандар да бар. Мінезіңіз осындай ма? Әлде, расымен, режиссер ұсынған рөлді сомдап жүрсіз бе?
– Реалити шоу болса да, менің шынайы мінезім осы. Ажырасқандар тақырыбы көтерілсе, шынымен де ұрыс шығаратынымды көріп жүрген шығарсыздар. Алдында бәрінен кешірім сұраған болатынмын. Сол себепті, қазір көп шу шығармайтын болдым. Төбелесемін деп адамға жексұрын болып көрініп қалдым. Әйелді жерден алып, жерге салып жатса да, кез келгеніміз бақытты болуға лайықпыз. Тіпті, ажырасқан болсақ та.
– Күйеуімен ажырасқаннан кейін күйзеліске түсіп қалған қыз-келіншектерге қандай кеңес беретін едіңіз?
– Өзім екінші рет бағымды сынауға келіп отырмын. Ажырасқаннан кейін үйге қамалып қалудың қажеті жоқ. Жас кезіңде жұртқа көріне білуің қажет. Өмірден түңіліп, асылып қалу да қажет емес. Оның үстіне қазіргі таңда ажырасу деген қалыпты жағдайға айналып отыр. Екінің бірі ажырасып жатыр десек те болады. Ал бұрын ата-бабамыздың кезінде ұят болатын.
– Ажырасудан кейінгі күйзелістен қалай шықтыңыз?
– Күйеуімді өзім тастап кеткендіктен, қатты күйзелісте болдым деп айта алмаймын. Сол себепті, осы тұста оған көбірек көмек қажет болды.
– Сүйіктіңіз кешірім сұрап, қайтып келсе қосылар ма едіңіз?
– Бұл туралы тіпті ойланбайтын едім. Ең басында күйеуім ұйғыр болғандықтан, анам отбасын құруымызға қарсы болған. Ол мені алып қашып кетіп, аяғым ауыр болды. Бала туған соң ол үйден бірден кете алмадым. Қазір анам “Қазаққа ғана тұрмысқа шығасың” деп отыр.
– Болашақ жарыңызға қандай талаптар қоясыз?
– Бұрынғы күйеуім үйінің үлкені болғандықтан, біз оның туыстарымен бірге тұрдық. Інісінің отбасын асырауға мәжбүр болдық. Ал қазір мен күйеуімді асырағым келмейді. Керісінше ол мені асырасын. Үйі мен көлігінің болғанын қалаймын. Болашақ жарым отбасын асыраудың қамын ойласа, мен үйде бала туып отырамын. Дәулеті асып-тасымаса да, отбасын баға алатындай жағдайда болғанын қалаймын.
– Ақыл, ақша, махаббат – осы үшеусінің қайсысын таңдайсыз? Не себепті?
– Адам ақшасыз өмір сүре алмайды. Бірақ, ақша табу үшін ақыл керек. Сол себепті, ақылды таңдаймын. Екінші орынға ақшаны қоямын. Мысалы, біз секілді қыз-келіншектер ешуақытта үй-күйсіз жүрген көше кезбесіне ғашық болмайды.
– Махаббат үш жыл ғана өмір сүреді деген пікірмен қаншалықты келісесіз?
– Мен өмірімде ғашық болып көрген емеспін. Сол себепті, махаббат жайлы ешнәрсе айта алмаймын. Бірінші күйеуім де сүйген емеспін. Қазақ қыздары алып қашқан жігіттерге амалсыз үйленеді ғой.
– Инстаграм желісінде “Замира бокспен шұғылданатын сияқты” деген пікірлер жиі айтылады. Сіз, расымен де, белгілі бір спорт түрінің шеберісіз бе?
– Негізінде таэквандомен айналысқанмын. Атам “Қазақтың қызы аяқ көтеріп ешқашан нан тапппайды” деп айтқан соң бас тарттым. Менталитетімізге келмеген соң, бұл спортпен айналысуды доғардым. Шамамен, үш жылдай айналыстым.
Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.
Жіберіп алмаңыз:
Сәкен Майғазиев: Өнер мектебін елден қалмайын деген ашкөздікпен ашқан жоқпын
Төреғали Төреәлі Алматы төрінде дүркіретіп той жасады (видео)
Роза Рымбаева: Өлген адамды тірілте алмайтынымыз өкінішті
Үйлену тойында жарына арнап ән айтқан Төреғали дүйім жұртты сүйсіндірді (видео)