Қақаған аязда далада қалған «Жігіттер» тобының әншісі көлік жүргізушілеріне өкпелі
Қақаған суықта қол көтерген жаяу жүргіншіге жәрдемдесіп, қамқор болыңыз! Дәл осылай видео-үндеу жолдаған «Жігіттер» тобының әншісі, сарышұнақ аязда тоқтамайтын теміртұлпар жүргізушілеріне өкпелі.
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
“Павлодар қаласында Өзбекстан мемлекетінің азаматтары, Ресейге өтіп бара жатқанда жолда қалып кеткен екен. Кәдімгідей 5-6 адам үсіп қалыпты. Қатты үсіп, аурухандан бірақ шыққан. Мүмкін емес қой басқа машиналардың кездеспеуі деп ойладым. Жолда қалып кетіп, қол көтеріп тұрған адам болса жолдан ала кетіңіз. Өйткені, бұл суық оңай суық емес”, – дейді Ердос Қанаев.
«Жігіттер» тобының мүшесі Ердостың видео-үндеу жолдаудағы мақсаты осы. «Бүгінде қаһарына мінген қаңтардағы ақшұнақ аяз, шынымен де еліміздің барлық аймағының тұрғындарын әбігерге салды» – дейді әнші.
“Қол көтерген жаяу жүргінші болсын, баласын көтеріп тұрған әйел адам болсын. Басқа да үлкен кісілер болсын, шамам жеткенше алып кетуге тырысамын”, – дейді Ердос Қанаев.
Өйткені, мұндай жағдай кезінде Ердостың да басынан өтіпті. Қақаған қыста жол жиегінде тұрған әншіге бірде-бір көлік тоқтамаған сәттер де болған.
“Тоқтамай кеткен кездер көп болды. Ештеңе дей алмайсың”, – деп түсіндірді Ердос.
Жіберіп алмаңыз:
Ерлан Біләлдан 670 мың теңгені қайтару талап етілді
Динара Сәтжан өзін айыптаған сәнгерді сотқа бермек
Зарина Омарова анасының көрген азабы жайлы айтып, жылап қалды
Аш болсаңдар көрер ем: Азамат Сатыбалды есірген жастарды сынға алды