Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаһармандар мен халат киген қыз: Сайлау учаскесіне ерекше киініп келгендер көпті таңғалдырды (видео)

Астанадағы сайлау учаскесінде халат киген қыз бен суперқаһармандар дауыс берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Учаскеге суперқаһарман киімін киген жастар электромобильмен келді. Олардың қатарында: Дедпул, Джокер, Капитан Америка, Бэтмен, Wonder Woman, қазақтың батыры және ұлттық киім киген қыз бар. 

Ал тағы бір қыз дауыс беруге халат пен тәпішке киіп келген. 



Желі қолданушылары бұған түрлі пікір білдірді. 

“Атың шықпаса, жер өрте” деген осы ма?”, “Актерлар ма?”, “Мен де тесік шұлықпен барамын-ау” деп жазды қолданушылар.

Талқылау