Кабулда Украина ұшағын белгісіз біреулер ұрлап, Иранға ұшып кеткен
Кабулдағы украиндықтар мен басқа елдердің азаматтарын эвакуациялау кезінде белгісіз біреулер украиналық ұшақты басып алып, Иранға ұшып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Украина сыртқы істер министрінің орынбасары Евгений Йенин "Хромадский радиосына" берген сұхбатында айтты.
Сыртқы істер министрінің орынбасары өткен аптада Украина cыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба бастаған барлық дипломатиялық қызмет апаттық тестілеу режимінде жұмыс істегенін атап өтті.
"Өткен жексенбіде біздің ұшақты басқа адамдар басып алды. Сейсенбі күні белгісіз біреулер ұшағымызды ұрлап кетті. Ұшақ украиналықтарды шығарудың орнына бортында белгісіз жолаушылармен Иранға ұшып кетті", – деді Йенин.
Оның айтуынша, украиндықтарды эвакуациялаудың келесі үш әрекеті де сәтсіз болды, себебі азаматтар әуежайға жете алмады.
Дүйсенбі күні кешке Ауғанстаннан көшірілген азаматтары бар үшінші ұшақ Борисполь әуежайына қонды, бортта 98 жолаушы болды, оның ішінде 41 Украина азаматы бар.
Әзірге Ауғанстанда 50-ден аз Украина азаматы бар деп хабарланды.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
