Марқұм иесін жоқтаған жылқы жұрттың жүрегін тебірентті (фото)
Серено мен оның 34 жастағы иесінің арасында ерекше байланыс болған екен. Жартылай кәсіби ковбой мотоциклмен жол апатына түсіп қайтыс болған. Қайғылы оқиға Жаңа жыл қарсаңында орын алған екен.
Бұл туралы Тһе Daily Mail басылымы хабарлайды.
Вагнер де Лим Фигередо Жаңа жыл қарсаңында 34 жасында қайтыс болды. Жерлеу рәсімі кезінде оның атының әрекеті жұртты қайран қалдырды. Суреттер мен видеолардан аттың иесін жоқтап, оғаш мінезін көрсеткенін байқауға болады. Ол тіпті табыттың үстіне басып қойып ұзақ тұрған екен.
“Бұл атты Вагнер құдайындай көретін еді. Ат иесінің енді қайтып келмейтінін сезіп жатқан сыңайлы. Ол жер теуіп, қайта-қайта кісінеді”, – дейді қонақтардың бірі.
Апаттан кейін Вагнер ауыр халде ауруханаға жеткізіледі. Алайда көп қан жоғалтқандықтан, дәрігерлер оны құтқарып қала алмады. Серено иесімен бірге осы күнге дейін көптеген турнирге қатысқан екен.
“Аттың әрекетіне қатты таңқалып тұрмын. Мұны көзіммен көрмегенімде сенбейтін едім. Қабірді сыртқа алып шыққанымызда ол қасына барып жылағандай болды. Ол бір уақытта жер тепкілей бастады”, – дейді Вагнердің жақын досы. Вагнер былтыр қараша айында бөліскен суреттерінің тұсына “Менің атым – менің айнымас досым” деп жазып қойған екен.
Ал ағасы Вагнердің бұл атты өмірінің мәніндей көргенін айтып жатыр. “Вагнер атын қатты жақсы көрді. Кейде ол өзіне зат алмаса да, атына жақсы көретін тағамдарын апарып беретін. Көп адам бұл атты сатып алғысы келген. Алайда Вагнер ұсыныстардың барлығынан бас тартты. Енді бізде бұл атты ешкімге бермей соңына дейін бағамыз”, – дейді марқұмның ағасы.
Ат баптаушылар мұндай оқиғаның бірінші рет еместігін айтып жатыр. Басқа да аттар дәл осылай иелерін жоқтаған екен.
Жіберіп алмаңыз:
Бір топ жігіт Ақшақар болып киінген қызтекені сабап тастады (видео)
Дәрігерлер өлімге қиған әйел қатерлі ісіктен 6 апта ішінде жазылған (фото)
“Шымбұлақ” құлап кетті делінген кабинканы қалай түсіндірді
Екі жасар бала шкафтың астында қалып кеткен егізін құтқарып қалды (видео)