Қабір қазуға бүкіл ауыл жиналды: Ақтөбедегі трагедия өзбек халқының қабырғасын қайыстырды
52 адамның өмірін қиған Ақтөбедегі жантүршігерлік жол апаты Өзбекстан халқының қабырғасын қайыстырды. Әсіресе, Наманган облысының тұрғындары қыршын кеткен жерлестері үшін көз жастарын көлдетуде. Себебі автобуста болғандардың басым бөлігі осы облыстан.
Бұл туралы “Өзбекстан жаңалықтары” басылымына сілтеп Stan.kz хабарлайды.
“Қарапайым жұмысшылармен болған жағдай бірінші рет тек туыстары мен жақындары үшін емес, облыс пен аудан басшылығын алаңдатып отыр”, – деп жазылған мақалада.
Президент Шавкат Мирзиёев қаза болған отандастарының рухына Құран бағыштады. Сондай-ақ, “болған оқиғаға барлығымыз кінәліміз” деп атап өтті.
Қайғылы оқиға туралы ақпарат келіп түскен соң, Чиндовул ауылының билігі қаза болғандардың отбасына кіріп, көңіл айтқан.
Сондай-ақ, қарапайым тұрғындар, жергілікті кәсіпкерлер жерлестерінің қайғысына ортақтасқан. Жергілікті фирмалардың бірі жапа шеккендердің балаларына жылы аяқ киім, сырт киім сыйлаған-ды. Аталған Чиндоул ауылында оқыс оқиғадан кейін барлығы 24 бала – 10 ұл, 14 қыз жетім қалған.
Жергілікті билік қаза болғандардың үйлерін тексеріп, қажет жағдайда жөндеу жұмыстарын жасап беретінін айтқан. Марқұм болған Иброхимжонның әкесі ұлын Ресейге жібергеніне өкінеді. Айтуынша, өзге үш ұлы Ташкентте “Юнусабад” цехында жұмыс істейді, тәуір ақша табады.
Қаза болғандардың отбасына еріктілер де барынша көмектесуге тырысып жатыр. Өткен жұмада олар екі бірдей ұлдарынан айырылып қалған үйде болып қайтты.
Айтуынша, көмектесуге барған азаматтардың өздері көз жастарын тыя алмаған.
“Мола басына келдік. Ер адамдардың қарасы көп. Құдды бүкіл ауыл қабір қазуға келгендей”, – дейді Әлішер.
Оқи отырыңыз:
Ақтөбеде өртенген автобуста әкесі мен баласы және бірнеше ағайынды жанып кеткен
Өзбекстан президенті Ақтөбеде өрттен қаза болғандар туралы: Біз оларға жағдай жасай алмадық
Өзбекстанда Ақтөбедегі автобус өртінде тірідей жанып кеткендердің 48-інің аты-жөні жарияланды
40 градустық аязға байланысты еліміздің кей мектептерінде сабақ тоқтатылды