Өзбекстан президенті Ақтөбеде өрттен қаза болғандар туралы: Біз оларға жағдай жасай алмадық

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Ақтөбедегі қайғылы оқиғаның мемлекет билігі мен басқарушылары елдегі мәселелер мен қиындықтарды дер кезінде шешпегенінің салдарынан орын алғанын мойындады, деп хабарлайды gazeta.uz басылымына сілтеп Stan.kz.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев жұма күні Хакім Термизи кесенесіне барған сапарында Қазақстанның Ақтөбе облысында көз жұмған отандастарының қазасына қайғырып, олардың жақындарына көңіл айтатынын жеткізді.

«Орын алған қайғылы оқиға – біздің ел алдында борышымыз көп екенінің дәлелі.Біз адамдарға жағдай жасамағандықтан, олар басқа мемлекеттерден жұмыс іздеуге мәжбүр. Әрине, бұл мемлекет билігі мен басқарушылардың елдегі мәселелер мен қиындықтарды өз кезінде шешпегенін білдіреді.

Олардың өзге елде бейнет көріп, азап шегеді. Олардың да Құдай алдында міндеттері бар. Сондықтан балаларын асырап, әкелеріне ақша әкелу үшін басқа мемлекеттерге кетеді… Көбі жас балалар… Бәрі Өзбекстаннан. Әрине, қабырғамыз қайысады. Олардың ата-анасына көңіл айтамыз», – деді Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев.

Айта кетсек, Өзбекстанда Ақтөбедегі автобус өртінен көз жұмғандардың тізімі жарияланды.

Оқи отырыңыз:

Өзбекстанда Ақтөбедегі автобус өртінде тірідей жанып кеткендердің тізімі жарияланды

Бердібек Сапарбаев Ақтөбедегі автобус өртінен аман қалғандармен кездесіп, жағдайын білді (видео)

Ақтөбедегі автобус өрті: Полиция жүргізушілерден жауап алып жатыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
28.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар