Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бердібек Сапарбаев Ақтөбедегі автобус өртінен аман қалғандармен кездесіп, жағдайын білді (видео)

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев автобустағы өрт кезінде аман қалған 5 адаммен кездесіп, олардың хал-жағдайын білді, деп хабарлайды Stan.kz.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев еңбек демалысынан шыға салысымен Ішкі істер департаментінің бастығы Махамбет Абисатовпен бірге автобустағы өрттен аман қалған адамдармен кездесті. Өңір басшысының өрттен аман қалғандардың хал-ахуалын сұрап, кездескен сәті Іnstagram желісіндегі aktobe_akparat парақшасында жарияланды.

«Тексеру жүріп жатыр. Комиссия құрылды»,- дейді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Өңір басшысы әр науқаспен кездесіп, жағдайын білді.

Ал Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Рақымжан Арыстанның айтуынша, өрттен аман қалғандардың қолы мен бетін күйік шалған. Сондай-ақ, олар газға тұншығып қалған екен.

 

Айта кетсек, Ақтөбедегі автобустағы өрттен соң полиция тергеп-тескеру жұмыстарын бастады. Қазір полицейлер аман қалған адамдардан жауап алып жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, 18 қаңтарда сағат 10.30 шамасында Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы Қалыбай ауылынан он шақырым жерде ішінде 57 жолаушы бар автобусы өртеніп кетті.  Оқиға орнында 52 адам қаза тапты. Олардың барлығы Өзбекстан азаматтары. Өрттің негізі себебі отты абайсыз пайдалану болып отыр.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбедегі автобус өрті: Полиция жүргізушілерден жауап алып жатыр

Талқылау