ІІМ Ақтөбеде 52 адамның өмірін жалмаған автобустағы өрттің себебін атады

ҚР ІІМ министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев Ақтөбе облысындағы автобустың өртеніп кетуінің себебін атады. Негізгі болжам бойынша, өрт автобуста өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаумен байланысты болып отыр, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеп Stan.kz.

«Қазіргі уақытта оқиға орнындағы жұмыстар аяқталды. Қаза болғандардың мәйіттері Өзбекстанға жіберілді. Ол жақта бірқатар геномдық сараптамалар жүргізіліп, марқұмдардың денелері туыстарына беріледі. Негізгі болжамға сәйкес, отты салғырт пайдалану өрттің шығуына себеп болған. Оқиға орнында дәнекерлейтін шам табылды. Сонымен қатар, тергеу кезінде бес литр бензин құйылған пластмасса ыдыстың (автобуста) болғандығы анықталды» – деді Е.Тұрғымбаев.

ҚР ІІМ министрінің орынбасарының айтуынша, тергеу органдары зардап шеккендерден жауап алуды 19 қаңтар, жұма күні бастаған.

«Отты салғырт пайдаланғандығы жөніндегі болжам аман қалғандардың түсініктемелерімен расталып отыр. Автокөліктің қозғалтқышы өшіп қалып, көліктің іші салқын болған, сол кезде дәнекерлейтін шам жылытқыш ретінде қолданылған. Ол екі сағаттан астам уақыт жұмыс жасайды. Сол кезде бес литрлік ыдыстағы бензин төгіледі де, от лап етеді. Сөйтіп, аз уақытта автобус ішіндегі азаматтардың барлығының өмірін жалмайды. Сондай-ақ, жол-көлік оқиғасы немесе қандай да бір криминалдық жағдайдың болуы мүмкін деген болжамдар толықтай жоққа шығарылды. Оқиға орнын тексеру аяқталғаннан кейін аталмыш автокөліктен ешқандай суық қару, атыс қаруы, оқ-дәрі немесе сол оқ-дәрілердің қалдықтары табылмады», – деп жеткізді ҚР ІІМ министрінің орынбасары.

Сонымен қатар ҚР Денсаулық сақтау вице министрі Алексей Цой ауруханада жатқан бес азаматтың денсаулығы туралы айтып берді.

«Санитарлық авиация арқылы жеткізілген барлық емделушілер кешеден бері толық тексерілді. Олардың жағдайы жақсы, жағдай тұрақты. Психологтар өте белсенді жұмыс жасады, өйткені емделушілерді моральдық тұрғыдан қалпына келтіру қажет болды. Бүгін жағдай қалыпты. Зардап шеккендердің денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Оларды ауруханадан шығаруға болады», – деп хабарлады Алексей Цой.

Жұма күні Астана уақыты бойынша шамамен 21:00-де, өрт кезінде қаза болған 52 адамның мәйітін Өзбекстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбеден Ташкентке ұшақпен алып кетті.

«Ұшақ Өзбекстанға келгеннен кейін, қажет болған жағдайда, қосымша тергеу шаралары жүргізілетін болады. Мәйіттер туыстарына беріледі», – деді Өзбекстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Рустам Джураев.

Сонымен қатар ол Қазақстан тарапына көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғысын білдірді.

«Өзбекстан Президенті республика азаматтарының қазасына байланысты үкіметтік комиссия құрды. Комиссия мүшелері Ақтөбе қаласына жіберілді, бізге мұнда барынша көмек берілді. Жұмыс орны, көлік жедел түрде беріліп, мамандардың көмегі көрсетілді. Барлығы қысқа мерзімде жүргізілді. Мұнда барлық мәселелер толық шешілді, мәйітті анықтау, куәгерлерден жауап алу кезінде ешқандай проблемалар болған жоқ. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президентіне, Үкіметі мен осы екі күн бойы бізге көмектескен барлық министрліктер мен ведомстволарға алғыс айтқым келеді. Қайғымызды бөліскендеріңіз үшін рахмет», – деді министр.

Оқи отырыңыз:

Автобус иесі Ақтөбедегі өрттен кейін Қазақстанға келіп, жағдайды ауызекі біліп қайтқан

Ақтөбедегі өрт: Аман қалған бес науқасқа ауруханада қарулы күзет қойылды

Ақтөбедегі өрт: 52 адамның 32-сінің аты-жөні белгілі болды

Алматыда 35 жастағы Өзбекстан азаматы жоғалып кетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
25.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар