Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі өрт: Аман қалған бес науқасқа ауруханада қарулы күзет қойылды

Өрттен аман қалған бес науқасқа ауруханада қарулы күзет қойылды. Бас дәрігердің айтуынша, науқастар әлі де жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жағдайлары тұрақты, өмірлеріне қауіп жоқ. Ал әлеуметтік желіде бес адамға кірген психологтардың суреттері жарияланды.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Алайда қазір тергеу жүріп жатқандықтан науқастарды әзірге бір жерде ұстап отырмыз дейді бас дәрігер. Ауруханаға кеше кештетіп жеткізілген науқастардың жағдайын сұрап түнде Өзбекстаннан  келген делегация да кіріп шығыпты. Сондай-ақ, аман қалған бес адамға психологтардың кірген суреттері кеше жарияланған еді. Бас дәрігердің айтуынша, 20 адамнан тұратын Өзбек елінен келген жұмыс тобы тірі қалған екі азаматты елдеріне қайтарып алып кеткісі келеді. Алайда оны прокуратура шешетін болады дейді. Тергеу екі айға дейін созылуы  мүмкін. Сондықтан көрші елдің азаматтары үйлеріне қашан қайтатындары белгісіз дейді тергеушілер.

“Кеше келген бойда күзет қойылды. Собрдың адамдары төртеуі тұр.  Екі есікке екеуден. Оған ешкім кіре алмайды. Рұқсат жоқ. Бізде жатқан екі Өзбекстан азаматы олар алып кетеді. Бірақ оны алып кету үшін біздің прокуратура және тергеу органдарынан рұқсаты керек. Ол сотпен шешіледі”, – дейді Ақтөбе облыстық жедел медициналық ауруханасының бас дәрігері Рақымжан Арыстан.

Жіберіп алмаңыз:

Атыраудағы ірі жол апаты: Екінші көлік жүргізушісі емханада қамауға алынды

Семейде екінші сынып оқушысы кәріз құдығына құлап мерт болды

Ақтөбедегі өрт: 52 адамның 32-сінің аты-жөні белгілі болды

Алматыда 35 жастағы Өзбекстан азаматы жоғалып кетті

 

 

Талқылау