Маман: 52 адамның өмірін жалмаған апаттың алдын алуға болатын еді

52 адамның өмірін жалмаған қайғылы оқиғаның алдын алуға болатын еді. Автокөлікшілер одағының мүшелері осындай пікірде. Мамандардың заңсыз тасымал жөнінде айтып жүргені алғашқы жыл емес. Олар 10 жылдан астам уақыт жүргізілген автобустарды алыс жол жүру бағытына шығармауды талап етуде. Қазір мұндай автобустардың орташа жасы – 21 жыл.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

«Мысалы, Алматы-Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды-Астана, Павлодар-Астана сияқты танымал бағыттарда жолаушылар тасымалдайтын автобустардың төртеуінің үшеуі – заңсыз тасымалдаушылар. Тасымалдаушыларды босаңсыту салдарынан, қазіргі уақытта кез-келген адам базардан автобус сатып алып, жолаушылар тасымалдай алады», – дейді Қазақстан автокөлікшілер одағының бас директоры Сәбит Аманбаев.

Мамандардың сөзінше, Қазақстан жолдарында жолаушылар тасымалына тиісті бақылау жүргізілмейді. Полициейлер әр автобустың текхникалық ахуалын, лицензиясы мен тасымалдау жөніндегі ереженің сақталуын тексеріп үлгермейді. Сондықтан Автокөлікшілер одағындағылар бұл қызметтердің атқарылуын жеке тәуелсіз органға тапсыруды ұсынады. Сонда Қазақстан ТМД және Еуропа мемлекеттері арасында ЖКО бойынша тізімде бірінші орында тұрмас еді. Елімізде 2016 жылы ЖКО бойынша дәл осындай көрсеткіш көрсетілген болатын.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбедегі автобус өртінен аман қалғандардың туыстары өз шындықтарын айтты

ІІМ Ақтөбеде 52 адамның өмірін жалмаған автобустағы өрттің себебін атады

Автобус иесі Ақтөбедегі өрттен кейін Қазақстанға келіп, жағдайды ауызекі біліп қайтқан

Ақтөбедегі өрт: Аман қалған бес науқасқа ауруханада қарулы күзет қойылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар