Күйеуі тастап кеткен кейуана 1400 жетімді бауырына басқан
Үндістандық кейуана осы күнге дейін 1400 баланы асырап баққан. Ал өзінің құрсағынан шыққан төрт баласы бар екен.
Бұл туралы «Таңшолпан» бағдарламасында айтылды.
Жетімдердің анасы деген атпен танылған үндістандық Сюнжетай Сапкал 40 жылдың ішінде 1400 баланы бауырына басып, асырап-бағып жеткізіпті. Қазір жасы 70-ке толған қарияның қарамағында 5 балалар үйі бар. Олардың екеуі қыздарға, екеуі ұлдарға, ал енді біреуі сиырларға арналған.
Сюнжетай әжейдің айтуынша, бүгінде ол заң жүзінде 282 ұлдың, 49 қыздың және 175 сиырдың анасы. Өзі сауатсыз болса да, Сюнжетай Сапкал балаларының білім алуына қатты мән береді. Перзенттерінің көбісі инженер, заңгер болғысы келеді. Оның балалар үйінің ерекшелігі – 18 жасқа толған жасөспірімдер бұл жерден кетуге міндетті емес.
Тұрақты жұмыс тауып, үйленіп, өз қолы өзіне жеткенше тұра береді. Сюнжетай Сапкалдың өз құрсағынан шыққан 4 перзенті бар. Кенже қызы Мамата 10 жылдан бері ұлдарға арналған балалар үйін қадағалап отыр. Өзі психология саласында жоғары білім алған. Өмірде көп қиындық көрген әжейдің жетімдерге қамқор болатын себебі де бар секілді. 10 жасында тұрмысқа шыққан әжейдің, 20 жасында үш ұлы болған. Төртінші перзентіне жүкті болған кезінде күйеуі тастап кеткен екен. Балаларын асырау үшін пойызда ән айтып, ақша тапқан. Дегенмен, қайсар әйел тынымсыз еңбегінің арқасында бірте-бірте жағдайын жақсартып алады.
Ең бастысы, 30 жасынан бастап, бүгінге дейін тағдырдан теперіш көрген балаларға қамқорлық танытып келеді. Еңбегінің арқасында 750 рет мемлекеттік марапатқа ие болған. Әйтсе де, үкімет тарапынан балалар үйін ұстап тұру үшін қаржылай көмек көрсетілмейді екен. Қайырымды жан мыңдаған баланы өз қаражатымен асырап отыр. Ол өзі бастап берген үрдісті ары қарай балалары жалғастырып, жер бетіне мейірімділік пен ізгілікті сіңіреді деп сенеді.
Жіберіп алмаңыз:
2017 жылдың сәуір айына арналған жұлдыз жорамал
Танымал қытайлық “бой-бендтің” әншілері қыздар болып шықты
Қыз зорлаған жігіт жыныстық ләззат ала алмағаны үшін ақталып шықты
Отбасы жүкті болып қалған қыздарын 16 жыл бойы тыржалаңаш қамап ұстаған