Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуі бар мұғалім келіншек 18 жастағы оқушысымен 9 ай бойы жасырын жүріс жасаған

Брадфордта өзінің оқушысымен махаббат қарым-қатынасына барған 36 жастағы мұғалім Амена Назам-Кхам өмір бойына ұстаздық қызметтен шеттетілді.

dc86f1150568db833ade7dbd9acf45c0__980x

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Күйеуі бар келіншек 18 жастағы оқушы балаға Фейсбук желісі арқылы өзінің жалаңаш суреттерін жіберген. Ол оқушыға хат жазған кезде онымен секске түсу үшін қонақүйге шақырыпты. Өзінің жас көңілдесіне қымбат сыйлықтар жасап, бірнеше рет концерттерге де алып барған.

Алайда олардың қарым-қатынастары туралы мектеп басшылығы біліп қояды. Сол кезде әйел оған: “Осы уақыттан бастап сен біздің қатынасымыз туралы ешкімге айтушы болма” деп жазады. Ол сондай-ақ, барлық хабарламалар мен жалаңаш суреттерін де өшіріп тастауды сұрапты.

Соттың айтуынша, бала үшін бұл жағдай психологиялық соққы болып тиіп, осыдан соң оның сабақ үлгерімі төмендеп кеткен. Ал мұғалім болса жасаған ісіне еш өкініш білдірмейтінін айтыпты.

Оқи отырыңыз:

Жылан шағып алған ер адам бірге өлу үшін әйелінің қолын тістелеп уды жұқтырмақ болған

Ресейдің бір облысын түгелдей қар басып қалды (фото)

Оскар сыйлығын үш рет жеңіп алған актер енді киноға түспейтін болды

Небәрі бір әйелі бар: Сауд Арабиясының жаңа тақ мұрагері туралы қызықты деректер

Талқылау