Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуінен күдіктенген әйел оның қалтасына мүшеқап салып беріп жүр

Қазақстандық әйел көптен бері өзінің күйеуінен күдіктеніп жүр екен. Ол тіпті бұл туралы күйеуімен ашық сөйлесіп, қалтасына мүшеқап салып беретін болған.

dndovcq

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

Келіншек бірнеше жылдан бері өзінің күйеуінен күдіктеніп жүр екен. Бұған денесінен жыныстық жолмен жұғатын инфекцияның табылуы себепші болған.

“Қазір тұрмыстамын. Бір қызым бар. Екіншісіне аяғым ауыр. Күйеуімнен қатты күдіктеніп жүрмін. Тіпті қалтасына мүшеқап салып беремін. Бұл әрекетімді дұрыс деп ойлаймын. Өйткені үш жыл бұрын түсік тастағанымда, оның да, менің де денемнен инфекция табылды. Жігіт кезінде қыздарға барған шығар деп кешірдім. Қазір тағы да түрлі қолайсыздықтарды сезініп жүрмін. Менің ойымша, тағы да инфекция жұқтырып алған сияқтымын. Оған өзім “Басқаға барсаң, бар! Бірақ мен білмейтін болайын, сақтанып жүр” деп айтқан болатынмын. Күйеуімнің жеңіл жүрісі мен бір сәттік ләззатына бола отбасымды құрбан еткім келмейді”, – деп жазады келіншек өзінің хатында.

Психологтардың пікірінше жеке өміріне шағым түсіріп, көмек сұрап келген әйелдердің 95%-ы көзіне шөп салған күйеулерін сатқындық жасады деп есептейді екен. Мамандардың айтуынша, ер немесе әйел адамның көзге шөп салуы екі тараптан да болады екен. Осы орайда, психолог Лимана Құттыбекқызы қандай адамдарға опасыздық жасалмайтынын айтып берді.

“Өзін жоғары бағалап, жан-жақты ізденіс үстінде жүретін, санасы мен жүрегі өзара үйлесім тапқан, ақыл-парасаты жоғары, кез келген нәрсеге сабырмен қарайтын, сүйіктісін қандай жағдай болмасын қолдайтын әйелге немесе ер азаматқа опасыздық жасалмайды”, – дейді ол.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақ жігіті салақ әйеліне үй шаруасын үйрете алмағанын айтып налыды

Ақтөбелік әйел күйеуінің опасыздығына көз жұмған құрбысына ашуланды

Қазақстандық келіншек бірнеше әйелді жүкті қылып, мүлкін тартып алған алаяқтан сақтандырды

Қазақ қызы отбасылы сүйіктісінен еш айырылғысы келмейтінін айтты

Талқылау