Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Jump2mars туған күніне орай сайыс өткізді

Tele2 операторы қазақстандық Интернетті дамытуға бағытталған жобаларды қолдауды жалғастыруда. Оператор әсіресе, пайдалы ақпарат пен жаңа білімді, оңай және талғампаз түрде ұсынылған жобаларға ден қоюда. Солардың бірі -  Jump2mars жобасының туған күнін тойлауға Tele2 операторы қуана қатысты. Сайыс аясында дуэттер байқауы да өткізілді.

теле

Jump2mars көктемді білім беру жобасын тамаша көрсеткіштермен аяқтады. Көрсеткіш нәтижелері: жеті миллионнан астам лайк, 360 мыңнан астам оқырман. TikTok-тің көпшілік мақұлдаған пәндердің ең ерекше оқытушылары фолловерлерді пайдалы контентпен қуантып, қазақстандық оқушылардың дамуына үлкен үлес қосуда. Бұған қоса J2M оқытушылары тобы бір жыл ішінде барлық рейтингтерге, пабликтерге және телевизиялық бағдарламаларға түсіп, белсенділік танытты.

Jump2mars табысты жұмыстың алғашқы жылын атап өтіп, өзінің әлеуметтік желілерінде дуэттер байқауының басталғанын жариялады. TikTok-тегі дуэттер – жаңа авторларға өзін танытуға, аккаунттың stories-ке енуіне, жарнамалық қолдау мен сыйлықтар иеленуге мүмкіндік береді. Байқаудың шарттары да қарапайым болды: әр желі қолданушысы jump2mars-тың ұнаған бейнетаспамен дуэт түсіріп, оны өзінің TikTok парақшасында жариялауы керек еді. Дуэттер байқауы ойын-сауыққа бағытталғанына қарамастан білім беру бағытында да ықпалы зор болды. 

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде сайыстың жеңімпаздары анықталды. Бірінші орынды Атырау облысының Талдыкөл ауылынан келген 11 жасар Лунара Зинедин иеленді. Ол әйгілі тиктокер атанып, бүкіл Қазақстанға танылуды  армандайды. TikTok-тен бөлек, Лунара сабағын жақсы оқып, анасына үйдегі шаруаларда жәрдемдеседі. Жас желі пайдаланушысы дайындаған дуэт қазылар алқасының ең көп дауысын жинады. Өз кезегінде қазылар жас өнерпаз жобасының білім беру мазмұны тақырыбында пайдалы болғанын атап өтті.

Бір айта кетерлігі, шағын ауылдан келген байқау жеңімпазы – TikTok-тің белсенді қолданушысы. Ал оған ең танымал әлеуметтік желіні үйренуге және бағындыруға  Tele2/Altel операторының жоғары жылдамдықты интернеті септігін тигізуде. Оператор "250+" бағдарламасы шеңберінде жүздеген базалық станцияларды орнатып, талантты жас блогерлерге өздерін танытуға көмектесе отырып, жылдан жылға желінің қамту аймағын кеңейтуді жалғастыруда.

Дидар Халық
Сәрсенбі, 08 Маусым, 2022 13:00
Талқылау