Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

JAECOO J7 көлігімен кез келген жолды жүріп өт: Қазақстанда алғаш рет ерекше дизайнда кроссовер сатылымға шығады

Қытайдың жаңа JAECOO ("Джейку") жол талғамайтын көлігі Қазақстан нарығында. Көліктің ресми дилері ASTER компаниясы биыл желтоқсан айынан бастап елімізде бірінші J7 моделін сатуды бастайды.

JAECOO – бұл жоғары орта үшін эстетика мен жоғары технологияның керемет үлгісі. Неміс тілінде Jager (аңшы) және ағылшынның Cool (мықты) сөздерінің қосындысынан шыққан көліктің атауының өзі артықшылығын айқындап тұрғандай.

JAECOO J7 өндірушілері жүргізушілердің қауіпсіздігіне басты назар аударады. Жол талғамайтын көлік 20-дан астам ADAS функцияларымен және салондағы жеті қауіпсіздік жастығымен жабдықталған.

W-HUD (алдыңғы әйнегіндегі басты дисплей) технологиясы көлік жүргізу туралы маңызды ақпаратты тікелей шығарып береді. Сол арқылы жүргізуші қажетті ақпаратты артық қимылсыз-ақ көре алады. Бұл ыңғайлылық пен қауіпсіздікті айтарлықтай арттырады. Ал көлік ішінде орнатылған Qualcomm 8155 чипі жүргізушіге дауыспен басқаруды қамтамасыз етеді. Жылжымалы басқарылатын 14,8 дюймдік үлкен экран көліктің интеллектін арттырады.

JAECOO J7 жол талғамайтын көлік ретінде климаттық жағдайларға қарамастан әр түрлі кедергілерді оңай жеңуге мүмкіндік беретін ARDIS (All Road Drive Intelligent System) толық жетек жүйесімен жабдықталған. Жеті түрлі жүргізу режимінің арқасында көлік тегіс жолда да, тас жолда да еркін жүреді.  Сонымен қатар, жер бедерін басқару жүйесі жол бетінің қандай екенін автоматты түрде анықтайды. Ал жолдың күрделілігі мен шартты өзгерістерге байланысты "құм", "топырақ", "қар" кезінде режимдер өздігінен ауыса алады. Толық жетек IPB серво тежегіш күшейткішінің арқасында басқаларға қарағанда 1,5 есе жылдам іске қосылатынын атап өткен жөн.

J7 интеллектуалды жол талғамайтын көлікте отын шығыны аз. Толық жетекті режимде автомобиль аралас режимде 100 км-ге 8,2 литр ғана тұтынады.

"Көптеген еуропалық премиум брендтер ірі қытайлық автоөндірушілермен ынтымақтастық орнатқан. Ал кейбіреулері тіпті оларға тиесілі. Бұл Орта Корольдік мамандарына жаңа брендтерді жасау кезінде тұтынушыларға брендтің күші үшін алымдарды қоспағанда, қолайлы бағамен жоғары сапалы автокөліктерді ұсынуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, көліктердің дизайны, технологиясы және инновациялары танымал еуропалықтардан кем түспейді. Тіпті кей жерлерде олардан асып түседі деуге болады. Жаңа JAECOO J7 - бұл жүргізушіге мүлдем басқаша жүргізу тәжірибесін беретін интеллектуалды жүйемен жабдықталған премиум жоғары технологиялық көлік. Оны әзірлеумен Land Rover құрастырған мамандар айналысты. Жақында Қазақстанға көліктердің алғашқы жеткізілімі келеді", - дейді ASTER өкілдері.

Қазақстан нарығында JAECOO J7 Luxury, Premium 2WD және Premium 4WD үш түрде ұсынылады. Жоғары деңгейлі модификацияда алдыңғы соқтығыс туралы ескерту жүйесі, авариялық тежеу және кері бұрылу көмекшілері, жол белгілерін тану және жолақты сақтау функциялары, сондай-ақ кептелістерге арналған ақылды көмекші бар толық жетекті жабдық болады.

Көліктер осы жылдың соңына дейін Алматы, Астана, Шымкент, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Тараз және басқа да қалалардағы OMODA & JAECOO ресми дилерлік орталықтарында сатылымға шығады.

Соңғы жаңалықтар мен сатылымдардың басталуына қатысты ақпаратты брендтің Instagram парақшасынан таба аласыз. Ал сізді ASTER брендінің зерттеуіне қатысуға шақырамыз.

ASTER – Қазақстандағы №1 автомобиль супермаркеті. OMODA, JAECOO, LADA, Renault, Nissan, Chevrolet, GAC ресми дилері. Компания желісі еліміздің 18 қаласында ұсынылған. Мұнда әлемдік жетекші өндірушілердің заманауи жабдықтары бар қызмет көрсету аймақтары орналасқан. Соның арқасында жөндеуту және диагностикалау жұмыстарына жүгіне аласыз.

Жарнама құқығында

Талқылау