Израильдің Қатарға шабуылы: Қазақстандық елдегі жағдай туралы баяндады
Фото: Видеодан скрин
Күні кеше Израиль Қатар астанасына әуе соққысын жасап, салдарынан ХАМАС көшбасшысы әл-Хайя мен қозғалыстың тағы үш жоғары лауазымды мүшесі қаза тапты. Қатардағы отандасымыз Мельтем Юсупова елдегі қазіргі жағдай туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мельтем Юсупова Қатарда мұнай компаниясында жұмыс істейді. Отандасымыздың айтуынша, Доханың орталығында онға жуық жарылыс болған.
“Қазір жағдай тұрақталды. Жергілікті халық пен шетелдіктер арасында ерекше дүрбелең жоқ. Жарылыстар болған кезде біз Дохадан тыс жерде, жұмыста болдық. Шамамен күндізгі сағат 16:00-де бастықтың жұбайы оған бейнежазба жіберген. Бейнежазба West Bay-ден түсірілген. Бұл – Доханың іскерлік орталығы. Қаланың орталығында түтіннің көтерілген бағаны байқалған. Әуелде біз ол жерде жанармай құю бекеті өртеніп жатыр деп ойладық. Кейінірек Доха орталығында шамамен он жарылыс болғаны және барлығының қосымша нұсқаулыққа дейін жасырынған жерде қалуы қажет екені хабарланды. Дәл бір сағат бұрын жаңа хабарлама келіп, жағдайдың тұрақталғанын және жұмысымызды әдеттегі режимде жалғастыра беретініміз айтылды”, – деді Мельтем Юсупова.
Болған жағдайға қатысты Қатардың ішкі істер министрлігі пікір білдірді.
“Дохада естілген дыбыстар ХАМАС-тың тұрғын үйлерінің біріне жасалған шабуылға байланысты. Арнайы топтар өз міндеттерін атқарып жатыр, жағдай қазір қауіпсіз”, – деп мәлімдеді министрлік.
Сондай-ақ олар азаматтарды ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға шақырды.

Министр Нұртілеу ұсталды деген сыбыс қазақстандықтарды дүрліктірді: Бұл істің соңы немен бітті, Бажкенованы не күтіп тұр?
