Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер сиам егіздерін сирек операциялық әдіспен ажыратып алды

Израильдік хирургтер бастары бірігіп өмірге келген қыздарды бір-бірінен бөліп алды. Мұндай операция Израильде алғаш рет болса, ал әлемде тек 20 рет ғана жасалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

сиам близнецы

12 сағатқа созылған операцияға Израиль мен басқа елдердің ондаған мамандары қатысты. Операциядан бірнеше ай бұрын хирургтар қыздардың басына теріні созу үшін біртіндеп үрленетін арнайы силикон пакеттерін кигізген. Қосымша тері бөліну кезінде бас сүйегін жабу үшін қажет болады. Операцияны жоспарлау кезінде дәрігерлер қыздардың бас бөлігін егжей-тегжейлі бейнелеу үшін 3D модельдеуді қолданған.

Дәрігерлердің айтуынша, қыздар отаны жақсы өткеріп, қазір сауығып келуде. Олар өз беттерімен тыныс алады, тамақтанады және ең бастысы бір-бірін көре алады. Болашақта қыздар ешқандай шектеусіз қалыпты өмір сүреді деп күтілуде.

Ақберен Амангелді
Бейсенбі, 09 Қыркүйек, 2021 11:32
Талқылау