Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израильде халық ереуілге шығып, дүкендер жұмысын тоқтатты

Израильде халық ереуілге шықты

Фото: dwglavnoe

17 тамызда Израильде Газадағы соғысқа қарсы және билікке наразылық білдірген жаппай шерулер өтті: шерушілер елдің бірқатар тасжолдарын жауып, ірі қалаларда дүкендер мен кәсіпорындар жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі dwglavnoe арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

БАҚ-тың хабарлауынша, түске дейін әртүрлі қаладағы наразылық кезінде полиция 38 адамды ұстаған. Иерусалимде шерушілерге су атқыштар қолданылды.

Акцияны ХАМАС террористерінің қолында қалған тұтқындардың туыстарының ұйымы ұйымдастырды. 

"50 тұтқынды қайтарыңдар, соғысты тоқтатыңдар. Біз Нетаньяху соғысты тоқтатқанын күтпейміз", – деп талап қойған.

Ұйым ереуілдің ел бойынша кем дегенде бір аптаға созылғанын қалап отыр. Израильдің ең ірі кәсіподақ ұйымы "Гистадрут" ресми түрде акцияны қолдамағанымен, оның төрағасы Арнон Бар-Давид Haaretz газетіне берген сұхбатында елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды "қажет қадам жасап, келісімге келіп, бұған нүкте қоюға" шақырды.

Алайда премьер-министр Биньямин Нетаньяху наразылардың талабын қабылдамай, "жеңіссіз соғысты тоқтатуға шақырған кез келген адам тұтқындарды босатуды ұзартуға ықпал етеді" деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол Израильдің Газа қаласын толық бақылауға алуға ниетті екенін растады.


Израиль палестиналықтарды басқа елге көшірмек


Израиль Газадағы шабуылды күшейтіп жатыр: Нетаньяху жаңа әскери операция бұдан да ауқымды болатынын мәлімдеді


Еске салайық, бұған дейін Израильдің Газаға шабуылы кезінде Al Jazeera-ның түсірілім тобының мүшелері қаза тапқанын жазған едік. Телеарнаның мәліметінше, Израиль “Аш-Шифа” ауруханасының жанындағы тілшілердің шатырына қасақана шабуыл жасап, салдарынан журналистер Анас әл-Шариф пен Мұхаммед Крейке, сондай-ақ екі оператор Ибрагим Захер мен Мұхаммед Нуфал қаза тапты.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 18 Тамыз, 2025 10:41
Талқылау