Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израильде бар етеккірі келген әйелдерге 25% көлемінде жеңілдік жасайды

Тель-Авивтегі Израиль барларының бірі етеккірі келген әйелдерге 25% көлемінде жеңілдік жасайды екен. Ерекше науқанды “bloody hour” деп атаған екен. Ол “қанды мезгіл”, “қарғыс уақыты” деп аударылады.

Бұл туралы “Русская служба BBC” хабарлайды.

Аталған жеңілдік науқанын ойлап тапқан екі әйел осылайша нәзік жандылардың көңілін аулауға болатынын айтады. Мұнымен қатар, олар әйел мен ер адам арасында етеккір тақырыбы жеңіл көтеріледі деген ниетте.

Жеңілдік берер кезде әйелдерді ешкім тексермейді. Бар болғаны, айтқан сөздеріне сенеді. Anna Loulou барының иесі етеккір әйелдің өмірінің 25%-ын алатындықтан, осындай ерекше қарым-қатынасқа ие болуға лайық екендерін айтады.

Барир бұл идеяны ойлап табуына өзінің етеккір күндері себепші болғанын ашып айтты. Оның қандай шарапқа тапсырыс бергенін бар қызметкері ұмытып қалған екен. “Мұны қалай есте сақтауға болатынын айтайын. Дәл қазір еттекірім келіп жатыр. Яғни маған қызыл шарап қажет” деп айтқан болатынмын”, – деп күлді Барир.

Аталған жеңілдіктер дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері беріледі.


Жіберіп алмаңыз:

Wikipedia басшысы жалған ақпараттармен күресетін сервис ашпақ

Марста судың жоқ екені расталды

Жігіт сүйіктісін кешкі асқа шақырудың ұтымды әдісін ойлап тапты

Қытайда қолы жоқ ер адам мүгедек анасын асырап отыр

Талқылау