Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израильде 200 мыңға жуық діндар әскерге шақыруға қарсы жаппай наразылыққа шықты

израиль митингФото: x.com/anadoluagency

Израиль астанасында ультраортодокс еврейлердің әскерге қызмет етуге қарсы жаппай наразылығы өтіп, ел үкіметі үшін жаңа сын-қатерге айналды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бейсенбі күні шамамен 200 мыңға жуық адам Иерусалимге кіреберістерді жауып, "Шақыруға қарсы дұға" ұранымен шеру өткізді. Бұл соңғы жылдардағы ең ірі діни қауымдастықтардың наразылығы болды.

Митинг кезінде қайғылы оқиға тіркелді, 20 жастағы Менахем Мендель Лицман есімді қатысушы құрылысы аяқталмаған ғимараттың жоғарғы қабатынан құлап қаза тапты. Полиция оқиғаны өзіне қол жұмсау дерегі ретінде тергеп жатыр. Осы оқиғадан кейін ұйымдастырушылар акцияның аяқталғанын жариялап, қатысушыларды тарауға шақырды.

Митинг бейбіт сипатта өтеді деген мәлімдемелерге қарамастан, кейбір қатысушылар полициямен қақтығысып, журналистерге шабуыл жасаған. БАҚ өкілдеріне бөтелке мен таяқ лақтырылған сәттер бейнеге түсіп, әлеуметтік желілерде тарады. Израиль журналистер одағы оқиға бойынша тергеу жүргізуді талап етті.

Шеру үкіметтің иудей діни семинарияларының шәкірттеріне қатысты саясатын қатайтуына жауап ретінде өтті. Соңғы айларда 870-тен астам адам әскерге барудан жалтарғаны үшін ұсталған. Наразылыққа Кнессетте ультраортодокс азаматтарды әскерге шақыру тәртібін реттейтін жаңа заң жобасының қаралуы түрткі болды.

2023 жылы ешива студенттерін әскери қызметтен босататын бап жойылғаннан кейін, бұл мәселе Израиль қоғамында үлкен дау тудырды.

Израильдің Жоғарғы соты үкіметті әскерге шақыруды бастауға міндеттегенімен, діни партиялардың қарсылығына байланысты заң әлі қабылданған жоқ. Ал елдің Қорғаныс армиясы соңғы екі жылдағы соғыс шығындарынан кейін қосымша 12 мың сарбазға мұқтаж екенін мәлімдеді.

Бақылаушылардың пікірінше, бұл наразылық Израиль қоғамындағы  діни топтар арасындағы терең бөліністі айқын көрсетті. Наразылықпен бір уақытта Батыс қабырға маңында діни дәстүрді сақтай отырып қызмет ететін жаңа ортодоксальды әскери бригаданың ант қабылдау рәсімі өтті.

Сарапшылардың айтуынша, бұл акция діни қауымдастықтардың үкіметке жасаған күш пен ықпалын көрсетуі, әрі мәжбүрлі әскерге шақыру әрекеттеріне қарсы ескерту ретінде қабылданды.


Израиль шамамен екі мың палестиналық тұтқынды босатты


"Миллиардерлер елді құртып жатыр": АҚШ-та 7 миллион адам Трампқа қарсы жаппай наразылыққа шықты (видео)


Еске салайық, бұған дейін "Хочу жить" жобасы соғысқа кеткен қазақстандықтардың есімдерін жариялағанеді. Кейін Қазақстанның Украинадағы уақытша сенімді өкілі Ермек Катренов пен консул Бауыржан Бегәлімов Киевте әскери тұтқындармен жұмыс жөніндегі үйлестіру штабының өкілдерімен кездескен.

Айым Атамбаева
Сенбі, 01 Қараша, 2025 10:00
Талқылау