Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израиль сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Палестина халқына гуманитарлық көмек көрсетуіне қатысты пікір білдірді

Израиль сыртқы істер министрлігі директорының Еуразия және Балқан елдері бойынша орынбасары Симона Гальперин Қазақстанның Палестина халқына гуманитарлық көмек көрсетуіне қатысты пікір білдірді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Симона Гальпериннің айтуынша, Израиль палестиналықтарға көмек көрсетуге қарсы емес. Ол Израильдің Палестина халқымен емес, ХАМАС-пен күресіп жатқанын атап өткен.

Гальперин сондай-ақ көмектің ХАМАС-қа немесе лаңкестерге емес, тікелей палестиналықтарға берілуін қамтамасыз етудің маңыздылығын және оның ауруханалардағы, мектептердегі жағдайды жақсарту, балабақшалар мен экономиканы дамыту үшін пайдаланылатынын атап өтті.

“Израиль палестиналықтармен емес, ХАМАС-пен соғысып жатыр. Израильдің бір ғана сөзі бар: көмек палестиналықтарға баруға тиіс, ХАМАС-қа, терроризмге емес, - деді Гальперин.



Симона Гальперин сонымен қатар соңғы жылдары палестиналықтардың әртүрлі халықаралық ұйымдар мен елдерден басқа көптеген елдерге қарағанда көбірек гуманитарлық көмек алғанын атап өтті. Ол бұл көмектің көбіне мақсатына жетпей, сумен жабдықтауды, өнеркәсіпті, экономиканы дамытуға, сондай-ақ Палестинаның бейбіт тұрғындарына мектептер мен ауруханалар салуға бағытталудың орнына ХАМАС-тың қолына түсетініне өкініш білдірген.

"Қайда сол көмек? Мектеп, аурухана, индустрияға емес, ХАМАС-тың тоннелдеріне кетті бәрі,- деді Гальперин.

Еске салайық, Қазақстан сыртқы істер министрлігі аталған қаражат БҰҰ Палестина босқындарына көмек бойынша Таяу Шығыс агенттігіне аударылғанын хабарлаған.

Талқылау