Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израиль мен ХАМАС Газадағы атысты тоқтату бойынша келісімге келді

Фото: Emilio Morenatti/AP Photo/picture alliance

ХАМАС Израильдік тұтқындарды босатады, ал ЦАХАЛ әскерлері келісілген позицияларға шегінеді. Трамптының мәліметінше, келісімнің бірінші кезеңін ХАМАС пен Израиль өкілдері мақұлдады. Тараптар келісімнің жасалғанын растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Dw.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Газа секторының террористер ұстап отырған Израильдік тұтқындарының туыстары мен қолдаушылары Тель-Авивте Израиль мен ХАМАС арасындағы келісімнің бірінші кезеңінің бекітілгені туралы жаңалықты қуанышпен қабылдады.

Израиль мен ХАМАС америкалық бейбітшілік жоспарының бірінші кезеңіне келісімге келгенін АҚШ президенті Дональд Трамп 8 қазан күні жергілікті уақытпен кешке Truth Social әлеуметтік желісінде жазды. 

"Бұл барлық тұтқындардың жақын арада босатылатынын, ал Израиль өзінің әскерін келісілген сызықтарға шығаратынын білдіреді. Бұл тұрақты, сенімді және мәңгілік бейбітшілікке алғашқы қадам болады. Барлық тараптарға әділ қарау қамтамасыз етіледі!" – деп жазды ол.

Өз мәлімдемесінде Трамп Катар, Мысыр және Түркия елдерін АҚШ-пен бірге "осы тарихи және бұрын-соңды болмаған оқиғаның болуына" ат салысқаны үшін алғыс білдірді.

Трамп бұған дейін сол күні Вашингтондағы баспасөз мәслихатында 12 қазанға дейін Таяу Шығысқа ұшуға дайын екенін мәлімдеген. 
Израиль мен ХАМАС Катар делдалдығымен Газа секторында атысты тоқтату жөніндегі келісімнің бірінші кезеңін бекітті. Осы келісімге сәйкес ХАМАС Израильдік тұтқындарды босатады, ал Израиль әскерлері келісілген сызықтарға шегінеді. Тұтқындар мен палестиндік қамаудағылардың айырбасы 72 сағат ішінде жүзеге асырылады.

Келісімді Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ратификациялауға дайын екенін жариялады, ХАМАС та келісімді растады. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш барлық тараптарды келісім шарттарын сақтауға шақырып, гуманитарлық көмекті жеткізуді қамтамасыз ету керек екенін айтты.

2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС шабуылы басталғаннан кейін, екі тарап арасындағы қақтығыс бірнеше ай бойы жалғасып, мыңдаған адамдар қаза тауып, көптеген тұрғындар жарақат алды. Бұл келісім Таяу Шығыстағы бейбітшілікке алғашқы қадам ретінде бағаланып отыр.


ХАМАС барлық израильдік тұтқынды босатуға дайын екенін мәлімдеді


"Бәрі соғысқа дайындалып жатыр": Сербия президенті әлемнің қақтығысқа дайын тұрғанын айтты


Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға арналған жоспарын қолдайтынын айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы Таяу Шығыста бейбітшілік орнату және мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтуға маңызды қадам деп бағалайды.

Айым Атамбаева
Бейсенбі, 09 Қазан, 2025 08:54
Талқылау