Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израиль Ливандағы Хезболла ұйымының жерасты нысандарына соққы жасады

Израиль Хезболланың нысанына соққы жасадыФото: Видеодан скрин

27 маусым күні Израильдің әскери-әуе күштері Ливанның оңтүстігінде орналасқан "Хезболла" ұйымына тиесілі жерасты нысанасына соққы жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Israel Defense Forces Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Израиль Қорғаныс күшінің мәліметінше, елдің әскери-әуе күштерінің жойғыш ұшақтары Ливанның оңтүстігіндегі Бофорт жотасы маңында орналасқан, "Хезболла" ұйымының жерасты нысанына соққы жасады.  

"Аталған нысан "Хезболла" жүзеге асырып жатқан маңызды жерасты жобасының бір бөлігі саналады. Әскери соққыдан кейін ол толық істен шықты. Израиль Қорғаныс әскері бұл нысанды қалпына келтіру бойынша "Хезболла" тарапынан жасалған әрекеттерді алдын ала анықтап, сол аймақтағы террорлық инфрақұрылым нысандарына соққы берді", – делінген хабарламада.



Израиль тарапының мәліметінше, бұл нысанды қалпына келтіру әрекеттері Израиль мен Ливан арасындағы келісімдердің бұзылғанын білдіреді. 

"Израиль Қорғаныс әскері "Хезболла" ұйымының бұл нысанда әрекет етуіне жол бермейді. Израиль мемлекетіне қауіп төндіретін әрекеттердің жолын кесу жұмыстары жалғасып жатыр”, – делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін биыл 28 сәуірде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кеңсесі Израильдің әскери-әуе күштері еврей мемлекетіне қауіп төндіретін Бейрут маңындағы "Хезболла" ұйымының дәлдіктегі зымырандары қоймасына соққы жасалғанын мәлімдеген еді. 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 27 Маусым, 2025 16:43
Талқылау