Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израиль Газа секторындағы ең ірі ауруханада ХАМАС-қа қарсы операция бастады

Израиль қорғаныс күштері ауруханада мыңдаған науқас, қызметкер және босқындар болғанына қарамастан, Газа секторындағы Әл-Шифа ауруханасында операция бастағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Израиль қарулы күштерінің мәліметінше, ауруханадағы операция ХАМАС-қа қарсы жүреді. 

“ХАМАС бейбіт тұрғындарды тірі қалқан ретінде қолданып отыр. Бейбіт тұрғындарға зиян келтірмеу мақсатында осы ортаға арнайы дайындықтан өткен араб тілді медициналық қызметкерлер алдырдық", – делінген Израиль қарулы күштерінің хабарламасында.  

Израиль барлау деректері ХАМАС-тың аурухана мен оның астынан өтетін туннельдерді әскери операцияларын жасыру үшін пайдаланып жатқанын айтады. Онда израильдік тұтқындар да болуы мүмкін дейді. АҚШ та бұл тұжырымдарды жоққа шығармады.

ХАМАС бұл айыптауларға жоққа шығарды. Газаның денсаулық сақтау министрлігі халықаралық ұйымдардың оқиға орнын тексеруге шақырғанын хабарлады. Газа секторындағы ауруханалардың бас директоры Мұхаммед Заккут Израиль армиясының рейді кезінде Әл-Шифа ауруханасының аумағынан бірде-бір оқ атылмағанын айтты. Алайда израильдік әскерилер дәлізден шыққандарға оқ жаудырғанын атап өтті.

Израиль күштері хирургиялық және жедел жәрдем бөлмелеріне кіріп, қазір аурухананың жертөлесін тінтуде. Газа секторындағы ең ірі медициналық кешен үш күннен бері электр жарығы мен сусыз қалды.

Еске салсақ, Израиль қорғаныс күштері ХАМАС-қа қарсы құрлық операциясы кезінде Газа секторындағы ең үлкен Әл-Шифа ауруханасын қоршауға алғанын хабарлаған болатынбыз.

Талқылау