Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израиль бейбіт тұрғындар жасырынған Әл-Шифа ауруханасына шабуыл жасайтынын мәлімдеді

Израиль армиясы жақын арада Әл-Шифа ауруханасында Хамасқа қарсы операция бастайтынын ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Известия” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

әл шифа

Сурет: Reuters

Известия жазғандай, Израиль армиясы Газа секторындағы ең ірі Әл-Шифа аурухана кешенінде "нақты және мақсатты" операция жариялады. Айтуларынша, операция барысында бейбіт тұрғындарға зиян келтірмеуге тырысады. 

Бұған дейін Израиль армиясының Газа секторындағы ең үлкен аурухананы қоршауға алғаны хабарланған болатын. Израиль әскерилерінің мәліметінше, содырлар Әл-Шифа ғимаратында жасырынып жүр. Кейінірек ЦАХАЛ жансақтау бөлімінің бір бөлігін қиратып, хирургиялық корпустың жоғарғы қабатын, кардиология бөлімін бұзып, аурухананың оттегі желілерінің біріне оқ жаудырған. Медициналық мекеме бірнеше күннен бері электр қуатынан ажыратылған. 

Бұдан әрі ХАМАС пен Палестина исламдық жиһадының Газа секторындағы кейбір ауруханаларды, соның ішінде Әл-Шифа клиникасын өздерінің әскери операциялары мен кепілге ұстауды жасыру және қолдау үшін пайдаланып жатқаны туралы ақпарат бар екені мәлім болды. Белгілі болғандай, аурухананың астынан туннельдер қазылған, штабтар мен қару қоймалары болған.

Қазіргі уақытта аурухана кешенінде нақты қанша адам бар екені белгісіз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жергілікті қызметкері Әл-Шифа ауруханасында 700 науқас, 400 медицина қызметкері мен 3 мыңға жуық жергілікті тұрғын бар екенін мәлімдеген. 

Еске салсақ, Израиль қорғаныс күштері ХАМАС-қа қарсы құрлық операциясы кезінде Газа секторындағы ең үлкен Әл-Шифа ауруханасын қоршауға алғанын хабарлаған болатынбыз.

Талқылау