"Ыждағат" пен "тәртіп" сөздері қай тілден енген және олардың мағынасы қандай?
Тілімізде кірме сөздер баршылық. Олардың көбі араб-парсы тілінен енген. Бірақ ол сөздерді сол күйінде қабылдамай, дана халқымыз өзіміздің тілімізге икемдеп алған. Бүгінгі материалымызда ыждағат және тәртіп сөздерін талдаймыз.
Ыждағат (ижтиһат) – тырысу, ынта, жігер, ықылас. Араб тілінен ауысқан ижтиһад деген сөздің тек «Қазақ тілінің түсіндірме сөздіктерінде» қазақша 12 фонетикалық варианты бар екен. Ол бұл сөздің көп мағыналылығынан емес, қазақша қате айту мен қате жазудан пайда болған. Мысалы, Абай арабша жақсы білген. Бірақ дұрыс көшірмеудің салдарынан оның шығармаларында ежтиһат, иждиһат деген сияқты варианттар кездеседі.
Негізінен бұл сөз қазіргі таңда ыждағат деп жазылып жүр. Біздіңше, осы нұсқасы дұрыс.
Тәртіп (тартйб) - 1) даярлық, әзірлік, ұйымдастыру, құру; 2) рет, жөн, жоспар; 3) ауыспалы мағынасы – ереже.
Тәртіп сөзінің бізге белгілі осындай үш мағынасы бар. Бұл сөз де араб тілінен енген кірме сөз болып табылады. Бұл сөз тәрбие сөзінен бастау алады.
Дайындаған: Аққибат АҚЖІГІТОВА

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
