Соңғы жаңалықтар

Сәтбаевта кішкентай қызды иттер талап өлтірді: Марқұмның сіңілілерін оңалту орталығына алып кетті

Сәтбаев қаласында ит талап қаза болған қыздың отбасы қорғаншылық және полиция органдарында есепте тұрған. Бұл туралы Сәтбаев қаласының әкімдігінде мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қыз өлімі

Отбасында марқұмнан басқа тағы екі бала бар. Қазіргі уақытта олар "Қамқор" әлеуметтік оңалту орталығына уақытша орналастырылды.

"1993 жылы туған әйел қала шегінде орналасқан саяжай массивіндегі үйлердің бірінде азаматтық жұбайымен және үш баламен бірге тұрған. Қолайсыз отбасы ретінде полиция бөлімінде есепте тұр. Білім бөлімінің қорғаншылық бөлімінің бақылауында. Қазіргі уақытта екі бала "Қамқор" әлеуметтік оңалту орталығына уақытша орналастырылды. Қайғылы оқиға болған күні бала таныс әжесінің қарауында болды", - деп атап өтті әкімдікте.

Әкімдікте таныс әжесіне қалдырған қыз көшеде жалғыз жүргенін айтты. Дәл осы жағдай қайғылы оқиғаға себеп болған.

Оқиғадан кейін марқұмның отбасына әкімнің орынбасары Дәур Жүнісбеков келді. Әкімдік жерлеуді ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Қаладағы ветеринарлық станция қаңғыбас жануарларды аулау мен атуды жүйелі түрде жүргізуде, деп хабарлады ведомствода.

Бұған дейін Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында 6 жасар қызды иттер талап, өлтіргені хабарланды. Бір топ ит баланы қоршап алып, оған шабуыл жасаған. Баланың айқайын естіген ата-ана көшеге шығып, иттерді қуып, жедел жәрдем шақырған.

Келген дәрігерлер баланың қаза болғанын анықтады.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр