Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Итіне күтім көрсеткен әйел уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алды

Рим тұрғыны итіне күтім көрсетуге жұмсаған күндеріндегі уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты сотта жәрдемақы өндіріп алды. Мұндай жағдай италиялық сот тәжірибесінде алғаш рет тіркеліп отыр.

Римдегі Сапиенца университетінің оқытушысы италиялық Anti-Vivisection League жануарларды қорғау ұйым заңгерлерінің көмегімен жеңіске жеткен.

Судья әйелдің қуынымын қанағаттандырған. Ендігі университет өз қызметкерінің жұмысқа араласа алмауының себебін «отбасылық маңызды жағдайға» байланысты ретінде тануы  тиіс.

Есімін құпия сақтауды жөн көрген әйел 12 жастағы Кучилло атты итіне күтім көрсету үшін 2 күн демалыс алған. Себебі итіне ота жасалған еді. Әйел жалғыз тұратындықтан, итін ешкімге қалдыра алмаған.

Заңгерлер Италия қылмыстық кодексіндегі баптардың біріне сүйенген. Бап бойынша үй жануарларын қараусыз қалдыруы арқылы қинаған азаматтар 1 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Немесе 10 мың еуро көлемінде айыппұл салынады.

«Бұл адамдардың жануарларды қаржылай пайда табу немесе еңбекке қабілеттілігі үшін емес, отбасының толыққанды мүшесі ретінде асырайтынын мойындауға жасаған үлкен қадам болды», – дейді жануарларды қорғау ұйымының президенті Джанлука Феличетти.

Жіберіп алмаңыз: 

Франциялық әйел өз балаларына жасалған зорлық әрекетінің ұйымдастырушысы ретінде күдіктелуде

Антарктидада 36 мың жаңа туған пингвин аштан қырылып қалды

Түнде клубтан қайтып келе жатқан оқушы қыз үш рет зорланған  

Ғалымдар біздің галактиканың қай жерден аяқталатынын анықтады

 

Талқылау