Қателікпен сотталған ер адам 20 жылдан кейін түрмеден шығарылды
Италияда адам өлтірген деген қате айыппен сотталып кетіп 20 жыл түрмеде отырған 55 жастағы ер адам босатылды.
Бұл туралы La Stampa хабарлайды.
Анджело Массаро 1995 жылы 22 қазанда Лоренцо Ферсурелді өлтірді деген күдікпен айыпталып, 24 жылға бас бостандығынан айырылады. Оған куәгерлердің мінездемесі негізінде айып тағылыпты.
Кейін адвокат өз клиентінің оқиға болған түні басқа жақта болғанын дәлелдей алған. Сот қайта қарау ұсынысын қанағаттандырып, Массароны босату туралы шешім шығарады. Енді оның адвокаты әділет министрлігінен заңсыз соттау әрекеті үшін өтемақы талап ете алады.
Талқылау