Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Италия президенті парламентті таратты

Италия президенті премьер-министр отставкаға кеткеннен кейін парламентті тарату туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Квиринал сарайының баспасөз қызметі хабарлады. 

Серджо Маттарелла жаңа сайлау тағайындалуы үшін Парламент палаталарын тарату туралы жарлыққа қол қойды. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл жұмыс 70 күннен кешіктірмей ұйымдастырылуы керек. 

Бұған дейін Италия премьер-министрі Марио Драги президент Серджо Маттареллаға отставкаға кету туралы өтінішін тағы да тапсырған болатын. Ел Президенті оның отставкасын қабылдады.


Гүлсезім Мұхатай
Жұма, 22 Шілде, 2022 09:55
Талқылау