Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЕО Ресейге қарсы жетінші санкциялар пакетін енгізді

Еуроодақ Ресейге қарсы жетінші санкциялар пакетін дайындады. Енді алтынды тікелей және жанама импорттауға тыйым салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ресейге қарсы шектеу шараларының жаңа пакеті энергетикалық ресурстардан кейінгі ресейлік экспорттың ең маңызды элементі болып табылатын, алтынды тікелей және жанама импорттауға, сатып алуға немесе беруге тыйым салуды қамтиды. Бұл талап Ресейден шыққан және елден экспортталатын алтынға қатысты.

Сонымен қатар, санкциялық тізімге 57 жеке және заңды тұлға енгізілді. Олардың арасына Мәскеу мэрі Сергей Собянин, премьер-министрдің бірінші орынбасары Андрей Белоусов, "Ростек" басшысы Сергей Чемезов, сондай-ақ ресейлік актерлер Владимир Машков пен Сергей Безруков және тағы басқалары енді.



Еуроодақ сонымен қатар ең ірі ресейлік банкке қатысты шектеулерді күшейтпекші. Сбербанк болашақта қаражаты мен экономикалық ресурстары жабылуы мүмкін қаржы институттарының біріне айналуы керек. Сонымен қатар, банкке енді қаражат немесе экономикалық ресурстар беруге рұқсат етілмейді. 

Бұған ауыл шаруашылығы және азық-түлік секторының өнімдерін сатумен байланысты мәмілелер жатпайды.

Талқылау