Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Италия мен Польшадан келген: Қазақстанға кокаин жеткізіп келген арнаның жолы кесілді

Алматыда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері Италия мен Польшадан Қазақстанға жеткізілетін кокаин арнасынының жолын кесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кокайн

Полиция таратқан сурет

Полиция таратқан ақпаратқа қарағанда, Оңтүстік астанада жалға алынған пәтерде салмағы 250 грамм кокаин тәркіленген. Ол кофе түрінде пластикалық капсулаларға жасырылған.

“Бұдан әрі “Қазпошта” бөлімшесінде фигурантқа тиесілі сәлемдемені тәркілеу бойынша тергеу шаралары жүргізілді. Одан жалпы салмағы шамамен 1 келі есірткі заттары бар пластикалық банкалар табылды. Оның ішінде 0,5 келі кокаин және 400 грамнан астам экстази болған. Бұл үш мыңнан астам бір реттік дозаға тең. Анықталғандай, ұсталған шетелдік курьер функциясын үш айға жуық орындап келген. Ол Алматыға шаруашылық тауар ретінде жасырылған пошта сәлемдемелері арқылы есірткінің сирек түрлерін сату мақсатында ғана келген”, – делінген мәліметте.



ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов күдіктінің қамауға алынғанын айтты. 

“Ұсталған адамға қатысты есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу және сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Еске сала кетейік, бұл қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Күдікті қамауға алынды. Елге кокаин жеткізу арналарын анықтау бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді” – деді ол.

Бұған дейін Оңтүстік Қазақстанда жүргізуші куәлігін заңсыз берумен айналысқан қылмыстық топ ұсталған еді.

Талқылау