Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ит иттің мылжа-мылжасын шығарып жатыр": Маңғыстау облысындағы төбеттердің төбелесі түсірілген видео жұртты шошытты

Маңғыстауда иттердің төбелескенін видеоға түсіруге қатысты жанжал шықты. Көріністі үш жыл бұрын түсіргенін айтқан видеоның авторын полиция ұстады. Бірақ зооқорғаушлыр оның сөзіне сенбейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды. 

Автордың сөзіне сенсек үш жыл бұрын жасалған кадрлардан бетперде киген көрермендерді байқауға болады. Жануарларды қорғаушылар 2017 жылы бұл медициналық атрибут жиі қолданылмағанына сенімді. Олар иттердің төбелесі жақында өткенін айтады. Олар тіпті аймақта қанды оқиға дайындалып жатқанын білді дейді.

Шынында да, бір ай бұрын әлеуметтік желілерде кішкентай күшіктерді төбелеске дайындап жатқанының алғашқы кадрлары пайда болды. Содан кейін еріктілер полицияға жүгінді, бірақ ешкім жауапкершілікке тартылған жоқ. Жануарларды қорғаушылар осы жолы да ұйымдастырушылар жауапкершіліктен жалтарады деп қорқады. Полиция видеоны тағы бір рет зерттеп, түсірілімнің нақты күнін белгілеуге уәде берді.

"Неліктен 17-ші жыл, өйткені 316-бапқа сәйкес жануарларға қатыгездік жасау бойынша жауапкершілік қарастырылғанына екі жыл ғана болды.  Бір сөзбен айтқанда, онда бәрі өте жақсы, керемет. Жай спорттық жарыстар, қан жоқ, ештеңе жоқ. Бірақ біз видеоны көрдік. Біз онда қандай қорқынышты жағдайлар болып жатқанын көрдік. Онда ит итті етке, бөлшектерге, бөліктерге бөліп жатыр", - деді  "Шанс" қоғамдық қорының жетекшісі Ольга Бахтеева.

Талқылау