Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ыстамбұлдың бұрынғы мэрі Экрем Имамоғлу жемқорлық ісі бойынша ақталып шықты

Ыстамбұл мэріФото: AP / Emrah Gurel

Түркияда сот Ыстамбұлдың бұрынғы мэрі Экрем Имамоғлуды Бейликдюзю аудандық префектурасын басқарған кезінде (2015 жыл) жасалған деп қарастырылған жемқорлық ісі бойынша ақтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Cumhuriyet порталына сілтеме жасап хабарлайды.

2023 жылдың қаңтарында Имамоғлу мен тағы алты адамға қарсы іс қозғалған еді. Сот процесінде айыптаушы тарап Имамоғлудың тендерді бұрмалау әрекетіне қатысы бар деп мәлімдеген, оған үштен жеті жылға дейінгі түрме жазасы қарастырылған.

Адвокат Нусрет Йылмаз сот отырысында бес сессия бойы айыптаушы тарап айыптау қорытындысын дайындамағанын айтып өтті. Сот Имамоғлу мен алты бұрынғы қызметкерді қылмыстық құрамның белгілері анықталмағаны үшін ақтады.

Алайда сол күні таңертең Ыстамбұл бас прокуратурасы Имамоглуға қарсы жаңа қылмыстық іс қозғады. Бұл жолы оны 2019 жылғы мэр сайлаулары кезінде тыңшылық жасады деп күдіктеніп отыр, кемінде 15 адам ұсталды.

Сонымен қатар Ыстамбұл университеті наурыз айында Имамоғлу мен тағы 27 адамның дипломын жойған, бұл оның ел президенттігіне кандидат болуына кедергі жасайды. Айыптау тарапынан дипломды жалған деп тану ісіне байланысты Имамоғлуға тоғыз жылға дейін түрме және саяси қызметпен айналысуға тыйым салу талап етілді.

Айта кетейік, Имамоғлу Халықтық-республикалық партияның (CHP) мүшесі, 2019 жылдан бастап мегаполистің мэрі болған және 2024 жылы қайта сайланған. 23 наурыздан бері мэр Силивридегі түрмеде қамауда, екінші тергеу бойынша терроризм ісінде қамауға алу өтініші қабылданбады.


Путин Трамптың Будапештте кездесуден бас тартуына қатысты пікір білдірді


Жапонияда алғаш рет премьер-министр болып әйел сайланды


Еске салайық, 2025 жылдың наурызында Түркияда Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлу жемқорлық және терроризмге қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды. Бұл қадам елде халық наразылығын туғызып, бірнеше ірі қалаларда шерулер болды. Имамоғлу оппозициялық Республикалық халық партиясының (CHP) мүшесі, алдағы президенттік сайлаудың басты үміткері болып саналады.

Сарапшылардың айтуынша, қамауға алу мен тергеулер елдің ішкі саясаты мен экономикасына кері әсерін тигізіп, саяси тұрақсыздықты күшейтеді. Осыған қарамастан, CHP партиясы Имамоглуды ресми түрде президенттікке үміткер ретінде жариялады. Қазіргі тергеу бойынша оған сыбайлас жемқорлық және кейбір жергілікті билік мәселелеріне қатысты айыптар тағылған, бірақ қарулы террористік ұйымға көмек көрсету айыбы алып тасталған.

Айым Атамбаева
Сенбі, 25 Қазан, 2025 11:02
Талқылау