Ыстамбұлдағы жер сілкінісі кезінде өзбекстандық азамат қорыққанынан көз жұмды

Фото: Ali Cevahir Akturk/Anadolu
Түркиядағы Өзбекстанның бас елшілігі Ыстамбұлдағы жер сілкінісі кезінде өзбекстандық азаматтың қайтыс болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Lenta.ru басылымының мәліметінше, бұл ақпарат дипломатиялық өкілдіктің Telegram-арнасында жарияланған. Марқұмның жүрек жеткіліксіздігімен ауырғаны белгілі болды. Ол жер сілкінісі кезінде қатты қорыққанынан өліп кеткен.
“Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға Ыстамбұлда болған. Жер сілкінісі кезінде ер адам жоғарғы қабатта болғандықтан қатты қорыққан”, – деп мәлімдеді Өзбекстанның бас елшілігі.
Еске салайық, 23 сәуірде Түркияның Ыстамбұл қаласында 6,2 балдық жер сілкінісі болды. Салдарынан 236 адам зардап шеккен еді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан