Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Исламтанушы: Тоқал алу үшін бірінші әйеліңнен рұқсат сұрау міндетті емес

Қазіргі таңда тоқал алу мәселесі жиі талқыланып, қоғамда көптеген түсініспеушіліктер тудыруда. Мемлекетіміз зайырлы болса да, діни ұстанымда жүргендер қаптатып тоқал алудың дұрыс екенін қоғамның санасына тықпалауда. Бұл әрекеттер республикамызда заңмен бекітілмесе де, дінде бар зат деген ақтаулар айтып, жарыса жас қыздарды екінші-үшінші әйелдікке алып жатқандар қаншама.

Исламтанушы: Тоқал алу үшін бірінші әйеліңнен рұқсат сұрау міндетті емес

Осы тақырып төңірегінде туындаған мәселеге байланысты Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі «Нұр-Мүбарак» университетінің Phd докторы, исламтанушы Мұхитдин Исаұлының пікірін білді.

Жалпы бірінші әйелге үйленгенде де, тоқал алған кезде де заңды және мұсылманша некеге тұру шарт екені бәрімізге мәлім. Ендігі діни түсінікте жалпы неке деген қандай мағынаны білдіреді?

Исламтанушының айтуы бойынша, неке деген сөздің өзі араб тілінен аударғанда – қыз бен жігіттің үйленіп, бір-біріне адал болу керек деген мағынаны білдіреді. Ол төсек қатынасымен өмірдегі жалпы барлық жағдайларға байланысты. Неке қию деген үлкен өмірлік жауапкершілік, отбасын құрып, сол жауапкершілікті өлгенше мойнына артып, орындау.

Некеге қидырардан бұрын діні бөлек жандар не істеу керек? Олардың некесін қиюға қандай рұқсат берілген?
Бұл орайда Мұхитдин некеге отыру кезіндегі екі адамның діни көзғарастары мен ұстанған діндері туралы да атап өтті.

«Мұсылман пенде басқа діндегі адамға үйленем деген шешім қабылдаса, олардың діні бөлегі міндетті түрде мұсылман дініп қабылдап, кейіннен бірақ неке қидырта алады. Олардың тілін имам кәлимаға келтіріп, мұсылман қылады, содан кейін некеге отырады. Бұл ереженің ерге де, әйелге қатысы бар.

Алайда мұсылман ер мен әйелдің басқа діндегі адамға үйленуінің ерекшеліктері бар. Егер мұсылман қыздың болашақ жарының діні басқа болса, олардың некесі дұрыс болмайды. Өйткені, мұсылманшылықта қыз баласы діні бөлек ер адамға тұрмысқа шыға алмайды. Ол харам болып саналады. Тіпті, бұл қағидаттан аттап барып некеге тұрған жағдайда ол неке таза болып есептелмей, жарамсыз болып саналады. Олардан туылған бала да зинадан туылғандай болып есептеледі.

Ал ер бала мұсылман, оның үйленер жары бөтен діннен болған жағдайда да, Ислам діні бұған рұқсат бермейді. Тек қолында әкілік кітабі бар қызға үйленуге болады. Құранда Алла тағала христиан немесе басқа діннің қыздарына мұсылманға мұсылманмен неке қиюға рұқсат берген. Бір ерекшелік, басқа діннен келген қыз бала үйленгеннен кейін де өз дінін ұстап жүре беруіне болады, тек әкілік кітабі болуы тиіс», – дейді «Нұр-Мүбарак» университетінің Phd докторы.

Тустығы бар адамдар некеге тұра алады ма?

Сонымен қатар, Мұхитдин Исаұлы туыстық жақындастығы бар кезде де некеге тұруға болмайтындығын айтады.

«Діннен бөлек қазақ халқының өзінде «жеті атадан қыз алмау» деген ұғым бар. Шариғаттың ішінде, тікелей жеті атадан қыз алмау деген тәртіп жазылмаған, алайда Ислам дінінде «жақсы іс, пайдалы іс» деген бар. Дін бойынша ісің жақсы болып табылса, оны пайдаға асыруға болады. Сондықтан, сол қағидаға сай қызды алыстан алатын болса, ол отбасынан таза ұрпақ пайда болады.

Жалпы қазақтың гені, тегі мықты болу үшін кезінде біздің ата-бабаларымыз осындай шартты ұстанған. Бүгінгі таңда жеті атадан асып кетседе, бір-біріне үйленуге рұқсат бермей жатады. Рұқсат берілу үшін үлкен қариялар жиналып, жеті атадан асты деп баталарын беру керек. Ондай қариялар аз қалғандықтан да, жеті атасы асса да, рулас жұрттан қыз алып, үйлендірмей жатады.

Жақыннан алса, геніне кері әсер етіп, артынан сан түрлі аурулар пайда болады. Ал қазақтың ұлан ғайыр даласында геніне байланысты мүгедек болып қалған немесе басқандай жағдайлар сирек кездеседі», – дейді сарапшы.

Бүгін екінші әйел алып, онымен некелерін заң жүзінде емес, тек мешіттерде қиятын кездер жиі кездеседі.

Бұған қатысты Мұхитдин мырзаның пікірі бойынша, некені ресми түрде қию деген ұғым жоқ. Некенің қию қағидасында оны қиған адамның молда болуы да шарт емес екен.

«Ең бастысы, екі куә дұрыс болу керек. Жігіт пен қыз бір-біріне ұсыныс жасайды, сол ұсынысты қабіл еткенін қасындағы екі куәгер еститін болса, некені діни түрде қиюға болады», – деп пайымдайды.

Кейбір хадис бойынша ұсынысты тіпті ойнап айтуға болмайды, егер айтылып қойған жағдайда, куәләр естіп қойса, неке қиылып кетеді екен.

«Ендеше тоқал мәселесінде де осы шарттарға байланысты заңды түрде некеге отыру міндетті емес. Тоқал алған жағдайда аталған шарттар дұрыс орындалса, неке қиылады» деген сарапшымыздың ойы туындаған сұраққа нақты жауап бергендей.

Дегенмен, бұл ұғымдарды қате түсініп, екінші-үшінші әйел алу дінімізде құпталған деген пікірмен жүрген азаматтарымыз көптеп кетпейді ма деген мәселе әзірге жауапсыз.

Бірақ сарапшымыз «тоқалдық мәселесінде, елімізде түйткіл сұрақтар көп» дейді. Бұл салттың осы күнде дамып жатқан себебінің бірі – ол сонау ата-бабамыздан келе жатқан қанымызда бар салтты ұстану.

«Кезінде он үште жігітті ата-анасы үйлендіреді, жиырма бес жасына келгенде өзі сүйген қызды алады, қырыққа келгенде кезде тоқалды балалары әперген, тіпті жетпіс-сексенге келген шағында немерелері төртінші әйелді әперген кездер де, тіпті байлардың арасында сегіз-он әйелге дейін алғандар болған.

Бірақ Ислам дінінде төрт әйелге дейін алуға рұқсат бар. Төрт әйелді алғаннан кейін, қартайған тоқалдарын өзінің туыстарымен қосып, мал-дүние беріп, жеке шығарып талақ қылған. Артынан туыс-туған ретінде араласып жүре береді. Талақ қылған тоқалдарының орнын толтырып, солай сегіз-онға толтырған», – дейді.

Жасының үлкен айырмашылықтарына қарамастан егде жастағы адамға тоқал болуға келісім беріп жүрген қыздар туралы исламтанушының ойы келесідей болды.

«Бүгінгі тоқал алу мәселесіне тоқталсақ, қазіргі түсінік-пайым азайғандықтан, көптеген сұрақтар туындап жатады. Басында айтып кеткенімдей некеге отырудың басты шарты – ол адалдық. Ал қазір бірінші әйелі тоқалы барын білмей немесе артынан естіп жатады. Негізі мұсылман діні бойынша тоқал алу үшін бірінші әйелінен рұқсат сұрау шарт емес, алайды мына заманда келісім алғаны абзал. Келісіп алған жағдайда жеңілдеу болады. Мұндай шартты орындамағанда артынан екеуінің біреуін таңдауға тура келіп, дау болады.

Кезінде қазақта «Сексенбай», «Тоқсанбайлар» туылған ғой. Бұл жерде қыздың өзінің еркіне байланысты. күйеуге шығуға мүмкіндігі қалмаған қыздар қазақ халықының арына «дақ» салып, некесіз баланы тауып алуды әдет қылған. Бұған қарағанда, некеге тұрып, сол егде жастағы ер азаматқа тұрмысқа шыққаны дұрыс. Өз басым «күлге аунап тапқан» баладан гөрі, кәрі шалдан тапқан бала қадірлі болады деп ойлаймын», – дейді Мұхитдин Исаұлы.

Туындаған сұрақтарға жауап алуға тырысқанымызбен әркім өз ойында қалары анық. Мүмкін кейбіреулері бұл ақпараттан өзіне керектісін алып, өз пікірін өзгертер. Ең бастысы тоқал алып, екінші-үшінші әйел алардан бұрын шариғатымызда жазылған қағидаттармен таныс болып, барлық шарттарды орындаған абзал болар.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау