Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ісік, обыр секілді дерт көбейген": Алматы облысының тұрғындары кірпіш зауыттарының жабылмағанына шағымданды

Алматы облысындағы Қайназар ауылының тұрғындары елдімекендегі бірнеше кірпіш зауытын жаба алмай келеді. 2022 жылы сот зауытты сүріп тастау туралы шешум шығарған. Алайда тұрғындардың сөзінше, сот орындаушылары ешқандай шара қолданбай отыр екен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

зауыт

Қайназар ауылының тұрғындары 2022 жылы санитарлық талаптарға сай келмейтін екі кірпіш зауытымен соттасқан. Ал тамызда сот зауыттардың бірін толықтай, ал қарашада екінші зауыттың кептіргіш бөлігін сүру туралы шешім шығарыпты. Дегенмен зауыттар әлі де жұмыс істеп тұр екен.

“Сот орындаушыларына, Алматы облысы Әділет департаментіне, тіпті прокуратураға хат жолдадық. Тіпті екінші кірпіш зауытына келетін болсақ, 25 тамызда сот шешімі заңды күшіне енген. Бір жыл болды ғой былай айтқан кезде”, – деді Қайназар ауылының тұрғыны Нұржан Қалиев.

Сот шешімі күшіне енгенше бір зауыттың кептіргіш бөлігінің жұмысы тоқтап тұруы тиіс болған. Бірақ көпшілік ешқандай өзгерістің байқамағанын айтады. Бәрі бәз баяғыша жұмыс істеп тұр дейді. 17 жылдан бері сары топырақтың шаңын жұттық деген тұрғындар кірпіш зауытының кесірінен денсаулықтарынан да айырыла бастағанын жеткізді.     

“Ауылда ауруға шалдыққандар көп. Тұрғындардың тең жартысынан көбі аллергия. Ісік, обыр секілді дерт көбейген”, – деп мәлімдеді жергілікті тұрғын Берік Дуанбеков. 

Қазір ауыл маңында 4 кірпіш зауыты бар екен. Олардың барлығы жұмыс істегенде, демалу мүмкін болмайды дейді. 

“Бізде бірінші ауданаралық экономикалық сотының шешімі шыққан. Сол шешім әкімдікпен қанағаттандырылды. Бірақ біз қазіргі таңда аппелияциялық шағым бердік. Бірінші шешім бойынша жоғарғы сотқа шағым жаздық. Сондықтан әлі заңды күшіне енген жоқ. Заңсыз іс-әрекет жасап жатқан жоқпыз қазіргі таңда”, – деп мәлімдеді зауыт заңгері Нұржан Мақсатов. 

Талқылау