"Ішкі шаруасы деп есептейді": Тоқаев Қырғызстан еліндегі жағдайды бақылап отыр
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстандағы жағдайды бақылап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Қазақстан президенті Қырғызстандағы болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отыр. Мемлекет басшысы бауырлас көрші елдегі ахуал Қырғыз Республикасының ішкі шаруасы деп есептейді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдай жуық арада елдің қолданыстағы заңы аясында шешілетініне үміттенеді», - деді мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Естеріңізге сала кетсек, 7 тамыз күні кешкі уақытта Қырғызстанның арнайы қызметі Атамбаевты ұстау операциясын бастап, Қой-Таш ауылында орналасқан резиденцияға басып кірген еді. Нәтижесінде 48 адамның медициналық көмекке жүгініп, ішінде біреуінің көз жұмғаны белгілі болды. Алайда олар экс президентті ұстай алмады.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ