Ішкі істер министрлігі жаяу жүргіншілер алкотесттен өтеді деген ақпаратты жоққа шығарды
Фото: pixabay.com
16 қыркүйектен бастап Қазақстанда мастықты тексеру тәртібіне қатысты жаңа ережелер күшіне енді. Ішкі істер министрлігі бұл өзгерістер тек жүргізушілерге қатысты екенін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрліктің айтуынша, жүргізушіні тексеруге негіз – мас күйінде болуы мүмкін деген белгілердің болуы. Жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысына қатысатын басқа адамдар үшін ешқандай жаңа тәртіп енгізілмейді.
"Бұл ретте тексеру процедурасының өзі бұрынғы күйінде қалды. Түбегейлі өзгерістер жоқ. Ең басты жаңалық – ережені бекіту формасының өзгеруі. Бұрын мұндай ережелер үкімет қаулысымен бекітілсе, енді олар Ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітіледі. Мұндай тәсіл орталықсыздандыру және бюрократияны азайту саясатына сай келеді. Әрі құжаттарды қабылдау тәртібін жеңілдетеді", – делінген хабарламада.
-
Елімізде қаражатты үнемдеу үшін енді жүргізуші куәлігіне чиптер қойылмайды
-
Қазақстанда электрсамокат ережелерін бұзған жағдайда қанша айыппұл салынады
Жүргізуші алкотесттен өтуден бас тартып, медициналық мекемеде тексеруден өтуге құқылы. Алайда медициналық куәландырудан жалтару әкімшілік кодекстің 613-бабы, 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғауға негіз болады.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда жүргізушілерді тексеруге жаңа ереже енгізілгені туралы хабарлағанбыз.

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсылық күтуге болады?
