Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішкі істер министрі қыз зорлау оқиғасынан кейін Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығын қызметінен босатты

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Жетісу облысы ПД бастығын қызметінен босатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Талдықорғанда болған соңғы резонанстық оқиғаға байланысты Ішкі істер министрі Ержан Саденов ІІМ орталық аппараты қызмет басшыларынан құралған арнайы топпен Жетісу облысына барды.

Ведомство басшысы өзінің сапары аясында өңір полициясының жеке құрамымен және ІІО ардагерлерімен кездесу өткізді. Отырысқа облыс әкімі Бейбіт Исабаев та қатысты.

“Ел азаматтарының конституциялық құқықтарын  қорғайтын полиция қызметкері үшін заң мен тәртіп бірінші орында болуы керек. Құқыққа қайшы келген азаматтар мен полицейлердің заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылуы тиіс. Заң бәріне ортақ”, - деп атап өтті министр Ержан Саденов.

Еске салсақ, бұған дейін Талдықорған қалалық полиция бастығы жұмыс орнында қыз зорлады деген күдікпен ұсталғаны туралы жазған болатынбыз. 27 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінген полиция бөлімінің бастығы Марат Күштібаев сот шешімімен екі айға қамауға алынды.

Талқылау