"Ішіп кеткенім рас": Еркебұлан Тоқтар жеке өмірінен сыр шертті
Танымал актер Еркебұлан Тоқтар өнер жолына түскенде өзгеріп кеткенін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
 Фото: Жеке парақшадан алынды
Фото: Жеке парақшадан алынды
Өнер иесі кезінде жаман жолға түсіп, ащы судың да дәмін татқан көрінеді.
“Мен кезінде ішетінмін. Сол берекені қашырған, менің ойымша. Мен сол кезде де ақша табатынмын, бірақ соның жемісін көрген жоқпын. Неге, не үшін ішкенімді білмеймін", – деді кино жұлдызы.
Актердің сөзінше, киноға 20 жасынан асқанда түсе бастаған. Қаламақысын пайдалы дүниелерге жұмсамай, қыдырып жүрген кезін есіне алды.
“Жұлдыз ауруы басталды. Киноға түсе бастадым. Сол салаға етене араласып кеттім. Ондағы адамдардың қандай екенін көрдім, бірақ оларды жамандыққа қиып жатқан жоқпын. Әркімнің өз таңдауы, бірақ еліктегенім рас. Әр жұма, сенбі клубтарға барып, қыдырғанымды жасырмаймын", – деді актер.
Айта кетейік, "Үкіметтің шаруасында не жұмысың бар" деген Актер Еркебұлан Тоқтардың пікірі дауға ұласқан еді.
 
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
