Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арасында әйелдер де бар: Түркістан облысында бірнеше жылдан бері іздеуде жүрген қылмыстық топ ұсталды

Түркістан облысында 10 адамнан құралған қылмыстық брокньерлер тобы қолға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

браконьер

Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департамент басшысының орынбасары Құрманбек Сахов мәлім етті. Сөзінше, Шардара су қоймасынан заңсыз балық аулап жүрген қылмыстық топ бірнеше жылдан кейін ұсталған.

"Сәуір айының басында Түркістан облысы Полиция департаментіне белгісіз біреулер Шардара су қоймасы аумағында заңсыз балық аулаумен айналысатыны туралы арыз келіп түскен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы (балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімне тіркеді", – деді Сахов.

Ұсталғандардың арасында үше әйел де бар көрінеді. Олардың барлығы Түркістан облысы мен Шымкент қаласының 20-дан 53 жасқа дейінгі тұрғындары болып шықты. Айғақты зат ретінде балық аулау құралдары (электр құрал-жабдықтары, желілер, металл ілмектер), 13 моторлы және резеңке қайықтар, 12 калибрлі 389 оқтары, бір жарым тоннадан астам балғын балық және 425 килограмм ысталған балық алынды. Келтірілген материалдық шығынның жалпы көлемі 8 000 000-нан астам теңгені құрады.

Күдікті ретінде үш адам қамауға алынып, жеті адам ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылыпты. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

 

Талқылау