Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішімдіктің иісі шыққан: Петропавлда полиция наркологқа барудан бас тартқан ауыл әкімінің қолын белдікпен байлап, күштеген

Петропавл іргесіндегі Бескөл ауылдық округінің әкімі Қанат Дарбаев медициналық тексеруден өтуден бас тартқаны үшін әкімшілік қамауға алынды. Полиция шенеуніктің мас күйіде қызметтік көлікті басқарғанын айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Тәртіп сақшылары ауыл әкіміні наркологиялық орталыққа қолын белдікпен байлап, күштеп жеткізген.

Таңғы сағат екілер шамасында Бескөл ауылында тәртіп сақшылары әкім Қанат Дарбаевтың қызметтік көлігін тоқтатты. Рөлде шенеуніктің өзі отырған. Әкімнің қызметтік көлікті мініп алып, қандай шаруа шешіп жүргені белгісіз. Полиция ауыл әкімінің қолын белбеумен байлап, наркологиялық орталыққа күштеп әкелгені үшін жанжал шыққан. 

Судья Динара Рахымберлина адамның психоактивті заттарды қолданғанын және масаң күйде болғанын анықтау үшін медициналық куәландыру ережесіне сәйкес ол медициналық куәландырудан өтуге келісім беруге міндетті. Нарколог дәрігер ауыл әкімі Қанат Дарбаевқа медициналық куәландырудан бас тарту орташа дәрежедегі алкогольдік мас болумен теңестірілетінін түсіндірді.

Полицияның айтуынша, көлікті басқарған шенеуніктен ішімдіктің иісі шыққандықтан, заңға сәйкес осылай әрекет етуге тура келген. Бірінші сатыдағы сот Дарбаевты 15 тәулікке қамауға алып, 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айырды. Алайда шенеунік бұл шешіммен келіспейді. Сөзінше, ол масаң күйде емес, сау болған. Өзіне сенімді болғандықтан ол медициналық тексеруден өтуден бас тартты.

“Апелляциялық сот шешімді өзгеріссіз қалдырды. Ал Қанат Дарбаев әкімшілік қамауға алу үшін камераға жіберілді”, – делінген хабарламада.



Алайда әкімді сайлаған тұрғындар сот шешімімен келіспейтінін жеткізді. Шенеунікті қолдағандардың басым көпшілігі зейнеткерлер. Олардың айтуынша, Қанат Дарбаев жанашыр, адал, тәрбиелі, парасатты адам. Айтуыларынша, 2 тамызда ол оңтүстік-шығыстан келген зейнеткерімізді 80 жасқа келуімен құттықтаған.

“Қызметі барысында мені жақтырмаған адамдар болды. Олар сөз байласа келе осындай шешім шығартып отыр”, – дейді ауыл әкімі.

Бұған дейін Қазақстанда әкімдерге жаңа өкілеттік берілетіні туралы жазған едік.

Талқылау