Исабекова мен Әлішер Кәрімов көңіл қосты ма
Желі қолданушылары Мақпал Исабекованың сырт келбетіне жиі өзгеріс енгізетіні мен ашық киінетінін қатаң сынайтын. Бірақ бұл жолы әншінің сүйіктісін жолықтырғаны туралы жарыса жазып жатыр. Сүйіктісі деп отырғанымыз Әлішер Кәрімов.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды демекші, бұлай пікір білдірулеріне екеуінің де инстаграм парақшасына салған суреттері себеп болды. Қос әншінің “The jigits” тобының жаңа бейнебаян тұсаукесерінде қатар отырып түскен бірнеше суреті бар. Мұнымен қатар, Әлішер Кәрімов жанында отырған әріптестерін емес, тек Мақпал Исабекованы иығынан айқара құшақтап отыр екен.
Мұны көрген желі қолданушылары пікір білдіруге асықты. Бірі Superstar жобасы арқылы танысқан қос ғашықтың арасында махаббат бар екенін айтса, енді бірі Исабекованың Әлішер Кәрімовке лайық емес екенін жазып жатыр.
Әлішер Кәрімов осы уақытқа дейін берген сұхбаттарында сүйіктісін әзірге кездестірмегенін, үйленуге асықпайтынын айтқан болатын. Ал Мақпал Исабекова бір кездері әріптесі Иван Бреусовпен көңіл қосқанын білеміз. Бірақ сезімдері тойға ұласпаған-ды. Әзірге екі әншінің арасында тойға ұласатындай махаббат бар ма, жоқ па белгісіз.
Естеріңізде болса, осыған дейін әншінінің тыңдармандарының сынына балағаттап жауап қайтарғаны туралы жазған болатынбыз.