"Ирина Қайратовна" тобының мүшесі: Қазақтың рухын көтеру үшін шындықты әдемі түсіріп беру керек екен
"Ирина Қайратовна" тобының мүшесі Алдияр Жапарханов "Отыздан асып барамын" фильмі "жарғаннан" кейінгі ойымен бөлісті. Ол халықтың рухын көтеру үшін шындықты түсіру жеткілікті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Біздің Қуаныш (авт. "ИК" және фильм режиссері Қуаныш Бейсеков) гений сөзсіз. Бүкіл командаға да рахмет, естеріңізде болсын, ИК деген енді 6 бала емес, бүкіл көмектескен жұрт.
Тәуелсіздік деген аманат, біз – келесі толқын жастары оны толықтай түсінуіміз керек", – деген Алдияр көпшілікке алғысын жеткізді.
Айта кетейік, "Ирина Қайратовна" шығармашылық бірлестігі тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай халыққа "Отыздан асып барамын" фильмін тартулады. YouTube-та жарияланған картина 11 күнде 6 миллионнан аса қаралым жинады. Фильмде Қазақстанның 30 жылдағы бет-бейнесі көрініс тапқан.
Естеріңізде болса, Мақпал Жүнісова аталған картинадан өзін көріп, ренжіген еді. Халық әртісі көзі тірі тұрғанда, өзін сомдауға және әнін пайдалануға ешкімнің рұқсат сұрамағанына қапаланды. Соттасуға уақыты жоқ екенін айтып, фильмдегі оған қатысты кадрды алып тастауды талап етті. Ал Жүнісованың рөлін сомдаған актриса бұдан хабарсыз екенін айтып, Халық әртісінен кешірім сұрады.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты