Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ірімшік қосып сабада пісетін құрттың қалай жасалатынын біле жүріңіз

Інжу Маратқызы есімді қазақ әйелі желіде құрт жасаудың ерекше әдісін жазды.

21371219_1967971733274790_9205270232525657072_n

“Мен көріп өскен әжем, анам, жеңгелерім, әпкелерім, енем, абысындарым құртты өз талғамдарына сай жасайды. Олай дейтінім бірі тәтті құртты, бірі аштысын, бірі күреңін енді бірі жарма құртты жақсы жасайды немесе ұнатып жейді… Саба піскен күні сол үйде дастархан жайылып барлығы кеңес кұрып, бас қосып мәре-сәре болады. Ал балалар кезек пісіп толқытып май алынғанша асық болады. Өйткені сабаның май жағылған ауызы мен май болған қолды жалау үшін, әрі құрт қайнап бетіндегі көбіктен ішу үшін”, – деп жазады Інжу Маратқызы желідегі парақшасында.

21462900_1967965883275375_8490709610299270407_n

Мал сүтін сауған соң оны пісіріп айран ұйытады. Әр үйдегі сабаның көлемі де әр түрлі болғандықтан сол сабаның жарымы толғанша айранды ұйытып қосып жинайды. Көлеміне жеткенде сүт пісіріп айранға қосады. Айранды сүтпен сұйылтып бабына келтіреді. Келесі сауылып алынған сүтпен ақ ірімшік ірітіп оны сүзбеге сүзіп ауызын мықтап байлап тасқа бастырады. Ал ақ ірімшіктің сары суын сабаға құяды.

Себебі айраны мол болса ол пісілмейді. Іркіттің қоюлығы сүт пен сары судың құйылған көлеміне тікелей байланысты. Жылылығы, қоюлылығы бабына келсе сабаға піспегін салып ауызын байлап алғашқыда тез піседі. Май түсіп келе бергенде сәл бәсеңдетіп пісуін қандырғанша үзбей пісе береді. Негізі пісу 1.5-2 сағатқа жалғасады.

Дәл осы уақытта аналарымыз балаларын кезектесіп пісуге шақырады. Үлкендер балалардың мақтауын асырып өздері әңгімелесе отырып шай ішетін. Саба толқытылып майы алынған соң біраз уақыт қоя тұрады да отқа қазан асып қайната бастайды. Қайнатуы баяу жарты күнді алады. Тезек, көмір, ағашпен қайнатылған құрттардың өңі, дәмі әртүрлі болады деп әжем айтып отыратын, Сонымен қатар таулы өлке, жазық ыстық жайлау, өзенді жердің құрттары да біріне бірі ұқсамайды. Бізде ауа құрғақ болғандықтан құрт тез кебеді.

Міне менің балалық шағымдағы жазғы демалыстағы естеліктердің бір бөлігі осындай еді. Әжем, анам, жеңгелерім, әпкелерім, енем, абысындарымнан көріп үйренгенім осы әдіс.
Ал енем құрт қайнатқанда сүрі ет салып қайнатады! Ол құрт майлы әрі құнары арта түсетіндей көрінеді”, – деп жазады ол.

Тағы да оқыңыз:

Құрты мен майын сатып отбасын асырайтын ананың бір күні (фото)

Қойдың басын қалай асқан дұрыс: тісімен немесе тісін қағып (фото)

Самсаны үйде қалай әзірлейміз?

Көк сорпа қалай әзірленеді: ең үздік 5 рецепт

Талқылау