"Іргесі мығым елміз": Тоқаев қазақстандықтарды тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды тәуелсіздіктің 29 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы ел тұрғындарын отан үшін аянбай қызмет етуге шақырды. Ол барша қазақстандықтарды құттықтап, жылы лебізін жеткізген.
"Барша отандастарымызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Келесі жылы ел тарихының мерейлі 30 жылдығын атап өтеміз. Біз - бірлігі бекем, іргесі мығым елміз. Қасиетті Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін еңбек ету - қастерлі парызымыз", - дейді Тоқаев.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”